Ғашығым-ау ғашығым,
Түскен алшы асығым.
Күндегі күн әр сәтте,
Өтті ойлап жастығым.
Ғашықтықты көрдің бе?
Осы күнгі мастығым,
Жақын болған жанымыз,
Жоқ қой саған қастығым.
Келші деп те коймауым,
Тоқтап қалмай мойымауым,
Сезімдерді жоймауым,
Тереңге теңіз бойлауым,
Ханшайым етіп сайлауым,
Шимайланған байлауым,
Жігер берер жалауым,
Сен болғансың қалауым.