Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 Балапан балабақшасының тәрбиешісі
Маржанкүл Кемалова Тасмағамбетқызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясының әдістерін пайдалану.
Жоспары:
І. Кіріспе.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Дамыта оқыту технологиясының балаларды оқыту процесінде алатын орны.
ә) Дамыта оқыту технологиясын қатынас білім саласында қолдану әдісі.
ІІІ. Қорытынды.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс - әрекетін, мемлекеттік тілді меңгеруге, сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар), танымдық, сөйлеу, іс - әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс - әрекетінің түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды.
Осы талаптарды орындау барысында Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолдандым.
Даму - мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық өзгерістерге айналуы.
Дамыта оқыту – оқыту мазмұны, әдістері, тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады.
Сапа – адамның болмысы, елесінің, таным процесінің шексіздікке дейін дамуын айтады.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр бала өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдауымен шектеліп қалмай, тәрбиеші бос уақытында сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Дамыта оқыту баланың ойлау, сезіну қабілетін дамытады.
Профессор Д. Б. Эльконин пікірі бойынша дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдісінен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады .
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалын балаларға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру.
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
Баланың сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті үш бөліктен тұрады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешудің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Жоғары қиындықта оқыту - принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізеді. Бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді.
Мысалы: Суретті көрсетіп мынау не?
Түсі, түрі т. б. сұрақтар қойғаннан гөрі топтастыру әдісін қолданамын.