Пәні: Жаратылыстану.
Сыныбы: 5 “Б”
Тақырыбы: § 21 “Мұхиттар”
Мақсаты:
Білімділік: Дүние жүзілік мұхит сулары жайлы алған білімдерін толықтыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, таным белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденіп, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға жан - жақты білім бере отырып, өз ойын ашық айтуға, үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Дербес комьпютер, интерактивтік тақта
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
б) Оқушы зейінің сабаққа аудару.
II. Үйтапсырмасын сұрау.
§20 Су ерекше қайталанбас зат
III. Үй тапсырмасын бекіту
Сұрақ - жауап әдісі
1. Адам денесінде қанша пайыз су бар?
2. Ал, өсімдіктердің бойында қанша пайыз су бар?
3. Судың ерекше құрамы мен қасиетін ата?
4. Күн бағыс бір жазда қанша литр су ішеді?
5. Алма ағашы бір күнде қанша су қажет етеді?
IY. Жаңа сабақ
§21 Мұхиттар.
Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды мұхит дейміз. Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361, 1 млн шаршы шақырым немесе жер бетінің ¾ бөлігін алып жатыр. Дүние жүзі мұхиттарын төртке бөлінеді. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит.
Мұхиттардың ішіндегі ауданы және көлемі жағынан ең үлкені, ең тереңі Тынық мұхиты. Екінші Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан Атлант мұхиты. Оңтүстікте орналасқан үнді мұхиты. Төртінші ауданы, көлемі жағынан ең кішкентайы, солтүстікте орналасқан Солтүстік мұзды мұхиты.
Картамен жұмыс (Дүние жүзінің физикалық картасы)
Материктер - мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық
Арал - құрлықтың су қоршаған шағын бөлігі
Түбек - құрлықтың мұхитқа немесе теңізге кіріп тұрған бөлігі
Мұхит - өте үлкен су айдыны
1.Тынық мұхит - ең терең 11000м, ең үлкен 180 млн шақырым;
Судың беткі температурасы+26º,+29ºС.
Тынық мұхит атауын саяхатшы Ф. Магелан берген.
30 метрге жететін кит, 15 метр акула және өсімдіктердің алуан түрі кездеседі, көлік қатынасындағы рөлі зор.
2. Атлант мұхиты - солтүстіктен оңтүстікке дейін 92 млн шқ созылып жатқан ұзын мұхит, батыс жарты шарда орналасқан.
Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік – батысындағы Атлас тауына байланысты атаған.
Терең жері - Пуэрто - Рико
3. Үнді мұхиты - 75 млн шқ жерді алып жатыр, көп бөлігіоңтүстікте орналасқан.
Терең жері - 7209м - Зонд шұңғымасы
4. Солтүстік мұзды мұхиты - 14 млн шқ алып жатқан, солтүстік поляр аймағындағы мәңгі мұзбен көмкерілген мұхит.
Терең жері - Гренланд шұңғымасы - 5527 м
Мұхит бөліктері Материк тердің ішкі бөлігінде орналасқан
Y. Жаңа сабақты бекіту.
Ең ерекше
Өзіндік ерекшелігі Мұхиттың аты
Ең үлкен
Ең суық
Ең жылы
Ең ұзын
Ең кіші
Ең тұзды
Ең терең
Ең мұздысы
Ең аралы көп
Балық аулау кәсіпшілігі ең жоғары
YI. Оқушыларды бағалау
YII. Үйгетапсырма беру.
§21 Мұхиттар Кескін картаға мұхиттарды тауып, олардың аттарын жазу.