Бала көп оқығаннан далада қалмасы қашаннан белгілі жайт

Скачать

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Бірлік ауылы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Шокибаева Рима

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сыныпта ақпараттық мәдениет негіздерін оқыту проблемалары.

Орта білім алу әрбір адамның ары қарай оқуының, мамандық алуының және өзіндік жетістіктерге жетуінің негізі болып табылады.
Бұл жағдайда Қазақстан мектептерінің түлектері өз отанының патриоты болулары, қоғам дамуының жаңа бағытын түсіне және қабылдай алулары, қазақ тілін (мемлекеттік тіл ретінде), орыс тілін және бір шет тілін меңгерулері, мемлекеттік тілдің көп ұлтты қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі екенін түсіне алулары, өзгермелі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделе алулары қажет.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан атты халыққа арналған жолдауында Бізге экономика мен қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа білім беру жүйесі қажет - деп атап көрсетті.

Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін өзгерістерді талап етеді.

12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды алдын ала болжайды.

(Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының жобасы) [1]
Қазіргі күні білім беру саласында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптеген ғалымдар мен білікті ұстаздар арасында әр түрлі пікірлер қарқын алғанын жоққа шығара алмаспыз. Сол секілді 12 жылдық білім беру жүйесінің бізге берер игіліктері туралы да ой тартуды білім беру саласының маманы ретінде өзіме парыз санаймын. Бүгінгі күні осы тақырыпқа қолын сілтеушілер, он екі жылдық білім берудің берері шамалы дегенді айтады. Сонымен қатар олар, 12 жыл білім алу балалардың санасына сіңе қоймайды, 11 жылдық мектеп бағдарламасының өзінен шаршайды дегенді алға тартады. Менің ойымша мұның барлығы жете түсінбеушіліктің салдары. Бала көп оқығаннан далада қалмасы қашаннан белгілі жайт. Мәселен, бізде жасыратыны жоқ, балалардың көпшілігі 9 сыныпты аяқтай салысымен, кәсіптік мамандандырылған оқу орындарында білім алуға кетеді. Мұның барлығы келешекті қалыптастыруда кері амал болып отырғаны да жасырын емес. Ал баланың білімнен шаршайды дегені санаға сыйымсыздау. Алдағы өмір өркениетке бастауға бағытталған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, көш жүре түзеледі демекші. Ал 12 жылдық мектеп бізге не береді?

Ертеңгі күні 12 жылдық білім беру жүйесінде де 10 сыныптан соң қалаған кәсіби мамандығы бойынша білім алуға мүмкіндіктер құрастырылған, яғни баланың қалауы бойынша кәсіптік білім алуға мүмкіндіктері бар деген сөз. Сондықтан да үлкен іске үрке қараудың қажеті шамалы. Ал 12 жылдықты аяқтап шыққандарға жоғары оқу орнына түсулеріне жол кеңінен ашыла түседі. Өйткені 12 жылдық білім беру жүйесінде оның білім қазынасы мен талап - қажыры арта түседі. Сонымен қатар бұл жүйе оқушының кәсіптік білім алып шығуына жол ашады. Баланы сарсаңға салып басқа жерге жібергенше өз мектебінде кәсіби білім алып шыққаны жақсы емес пе? Сонымен қатар оқушы баланың мамандығына бір табан жақын болу үшін бейіндік оқытуға барғанда, үш бағыттың бірін (жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік – гуманитарлық, технологиялық бағыттар) таңдайды. Сол секілді оның бірінші сыныптан бастап портфолиосы болады. Ол ертеңгі күні баланың болашағына игі септігін тигізбей қоймасы аян. Біздің бүгінгі экономикаға бұның берері көп деп кесіп те, бекіп те айта аламын. Сөзімді дәлелді болу үшін мына жәйттарды айтпай кетпей болмас.

Қазіргі кезде шетелдердегі жоғары білім беру жүйесі он екі жылдық білім беруге негізделген. Ал шетелдерде мамандардың қалыптасуына он екі жылдық мектеп қабырғасында білім алулары әсер етті. Сондықтан олар басқа көршілес елдерден маман сұрап әуре - сарсаңға түспейді. Бүгінгі күні Болашақ республикалық бағдарлама шеңберінде талай жастар, шетелдерде білімдерін шыңдауда және шетел тәжірибесіндегі жаңа технологияны меңгеруде. Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі - сала - білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтіп, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.


Скачать


zharar.kz