Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар

Скачать

Әліппе, саған мың алғыс!
Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Әліппе, саған мың алғыс! сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер.
Барысы:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - Әліппемен қоштасу . Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен Білім басы - Әліппе! ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Сұрақ жауап
Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?
Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.
Қандай ертегі білеміз?
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Ерте - ерте – ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріп. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.
Мақта қыз:
Келмесең келме! деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң.
Мысық келіп:
- Неге шақырдың? - деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды:
Сонаң соң Мысық:
- Ендеше қатығыңды төгемін! - дейді.
Мақта қыз:
- Мен құйрығыңды кесіп аламын! - дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
- Апа, апа құйрығымды берші - дейді
Мақта қыз:
- Менің қатығымды төле! – дейді.
Балалар біз мысықтың қатық табуына көмектесіп жіберейік. Мысықпен бірге тапсырмалар орындайық.
1. Сиыр тапсырманы орындаймыз....

1 - оқушы: Ернар
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2 - оқушы: Аяулым
Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштассаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!
3 - оқушы: Қуаныш
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!


Скачать


zharar.kz