Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең – уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады:
Ірімшік, май, құртың да. (Сүт)
Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Ауызыңа асығар (Қасық)
Қатты тас.
Ортасында –
Тәтті ас. (Жаңғақ)
Сырты қызыл, іші ақ,
Қалады ерте пісіп - ақ. (Шалқан)
Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді. (Жаңбыр)
Көкте ұшады тізіліп,
Жұрт қарайды қызығып. (Тырналар)
Ағайынды он батыр,
Екі айыр жолда тұр. (Екі аяқ, он башпай)
Жұмсақ,
Бірақ, металл,
Сызсақ,
Тырнақ батар. (Қорғасын)
Қанаты бар, ұшпайды,
Адам қолда ұстайды. (Асыранды қаз)
Үстінде шөлдің –
Шалқыған көлмін. (Сағым)