4. Негізгі мәлімет өлшемдері:
Сандық негізгі төрт бөліктерден тұрады.
1. Асты – үсті
2. Екі жаны
3. Алды - арты
4. Қақпағы
Материалға жұмсалатын қаражат: 5000 теңге
ІІ. Ізденіс кезеңі
1. Жобаны таңдау себебі: Қазақ халқының ежелден тұрмыста қолданылатын ұлттық бұйым. Ұлттық қол өнерге деген қызығушылығын, дамыту, ұлттық бұйым сандықпен таныстыру. Салт – дәстүрлерді құрметтеу. Басқа пәндерден алған білімдерін еңбек сабағында дұрыс қолдана білу, қабілетін арттыру.
2. Жобаны орындауға қажетті талаптар, орындалу шарттары:
Танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрену.
ІІІ.. Жоба жинағы туралы мәліметтер:
1. Сандық – ұлттық бұйым. Сандық әр түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған тұрмыста қолданылатын үй жиһаздары негізіне жатады.
2. Сандықтың шығу тарихы: Қазақ халқының қолөнері өте бай және ою - өрнектері терең философиялық мазмұнда салынған. Ежелгі бабаларымыз жалғыз сандықтың өзін өрнектермен нақыштап қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс басқа да небір құнды асыл тастармен өрнектеген. Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі. Ежелгі шеберлер ағаш бұйымдарын көбіне сүйек пен әрлеген. Сандық киім кешек. Әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді - кішілі қол сандық , әбдіре , жағдан , кебеже т. б түрлері көп.
3. Қолданылуы: Сандық киім – кешек салу үшін қолданылады. Сандықты қыз ұзатқан кезде артынан киім-кешегін салып апарғанға қолданады. Қазіргі кезде осы салт - дәстүріміз қалған жоқ.
Сандықтың түрлері:
Қол сандық: Бұл Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп тараған бұйымның бірі. Қол сандық бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса қол сандықтар бойжеткен қыздар мен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі. Бұған қыздың жүзік, сырға, білезік, уақ-түйек бұйымдарын, боянатын опа заттарын салатын болған.
Кебеже - тамақ азық – түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасалатын ағаш сандықтың бір түрі.
Жағдан - қажетті сапалы былғары мен күмістен қапталған. Оларды табу оңай болмағандықтан, оны тек сән қуған ауқатты адамдар ұзатылатын қыздарына арнап өз қолдарындағы материалдарын беріп жасатқан.
Сандықты әшекейлеу: Сандықты жұқа қарағай тақтайдан жасалған. Олардың сырты түгелдей қызыл немесе жасыл, көк бояулармен боялып, бет жағы ою өрнектерді кесу арқылы сүйек пен безендірілген, ол жез, күміс, алтын және түсті тастармен әшекейленген. Оның аспа құлыппен немесе құпия бітеу құлыппен бекітілген. Көбінде ою - өрнек салып сәндеген. Қазақтың ою - өрнектерінің түрлері өте көп. Жан – жануарлардың дене мүшесіне байланысты, табиғатқа құстарға, геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектер көптеп салынады.
Соның ішінде Қошқар мүйіз, кемпірқосақ, тышқан із т. б
Қошқар мүйіз өрнегінің символдық мәні бақыт – береке, байлық, молшылық.
Кемпірқосақ ою – өрнегі бірнеше түстен жинақтар жасап, алма кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің нышандық мәні бар, көк түс аспанның, ақ - ақиқаттың, қуаныштың, сары - ақыл парасаттың, жасыл - жастықтың, көктемнің символы.
ІҮ. Технологиялық кезеңі
1. Жобаны орындау барысы қанша негізгі кезеңге бөлінді
Сандық жасау - 8 кезеңнен тұрады.
2. Жобаны орындауда қанша және қандай материал түрлері қолданды:
1. Жұқа тақтай
2. Оракл – 3 метр
3. Қаңылтыр - 0, 5 метр
4. Құлып тілшесі - 1 дана
5. Топсалары - 2 дана
6. Тұтқалары - 2 дана
Жобаны орындауда қандай құрал – саймандар, жабдықтар. б қолданылды.
Сызғыш, қарындаш, сүргі, ара, қайшы, өрнек кесуге арналған біз шеге.
Жобаны орындау барысында болған өзгерістер мен толықтырулар: Сандық ежелден пайдаланылған бұйым, салт – дәстүрге байланысты бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Сандық бойжеткен қыздармен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі бұйым.
Ү. Қорытынды кезең:
1. Жобаның сапалық бағасы: Өте жақсы
2. Жобаға жұмсалған материалды, уақытты және еңбегіңді есептегенде жобаның құндылық бағасы: Орындау уақыты 5 - 6 күн, есептегенде 5000 теңге
3. Жобаңызға ұқсас саудада тұрған заттан ерекшелігі және артықшылығы: Жобаның артықшылығы өте көркем, әдемі көз тартатын бұйым. Қошқар мүйіз өрнегі ерекше. Алып жүруге ыңғайлы, ерекше бұйым.
4. Жобаны орындауда ортаға қанша, қолдану барысында адам денсаулығына әсері: Сандықтағы заттар адам денсаулығына ешқандай әсер етпейді Оның ішіндегі заттар құрғақ және бір қалыпты сақталады.