Сарбаздар тұр сайлана

Скачать

Қарт емес – Тәтті.
Мұз емес – қатты (Науат)

Өзгенің тазалығы үшін
Өзін құрбан етеді. (Сабын)

Үйіңді қорғайды,
Үйге, бірақ, қонбайды (Ит)

Қайда жүрсең,
Қосарлана шабады.
Үйге кірсең,
Босағада қалады. (Аяқ киім)

Айдын көлді айнала,
Сарбаздар тұр сайлана. (Көз бен кірпік)

Жайсаң – саяң,
Жисаң – таяқ, (Қолшатыр)

Елдің сүйер егісі,
Жер астында жемісі. (Картоп)

Төбеде қос қалқаным,
Жан - жақтан үн тартамын. (Құлақ)

Таңертең де, түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады (Күнбағым)

Қыр үстінде қолшатыр,
Асқа айналған сол батыр. (Қозықұрық)

Авторы: Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ


Скачать


zharar.kz