Ақтөбе қаласы, № 10 жалпы білім беретін
орта мектебінің бастауыш класс мұғалім
Нұртаза Назерке Қанатбайқызы
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі
Сабақтың мақсаты: Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру
Сабақтың міндеті:
а) білімділік: Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету
ә) дамытушылық: Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды орындауға, жүйелі қолдана алу.
б) тәрбиелілік: Оқушылармен пікір таласқа түсе алу, өз күшіне деген сенімділіктерін арттыру.
Саб. типі: Аралас сабақ
Саб. түрі: Ашық сабақ
Саб. әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ассосация, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті
Көрнекілігі: суреттер, таблица, тірек - сызбалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, түгендеу
- Назарларын сабаққа аудару
* Психологиялық дайындық
Балалар - гүлім менің,
Балалар - күнім менің.
Балалар – нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің - дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін.
Шаттық шеңберін құру арқылы балаларды 3 топқа бөлу.
1 топ - Зат есімдер
2 топ - Жалқы есімдер
3 топ - Жалпы есімдер
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Жаттығуды тексеру
ІІІ. Өткенді пысықтау
Күннің көзін бұлттан арылту ойыны арқылы өткенді пысықтау
М: Балалар, сендерді өзіме нұр шашатын шуақты күнге теңеп едім, бірақ күніміздің бетін бұлттар басып кетіпті, бұлттан арылтуға көмектесесіңдер ме?
О: Иә
1) Зат есім дегеніміз не?
2) Кім? Не? сұрақтары қай уақытты қойылады?
3) Жалқы есім дегеніміз не? мысал келтір
4) Жалпы есім дегеніміз не?
5) Неше сөз табы бар?
6) Зат есімге мысал келтір?
ІІІ. Жаңа материалды игерту
1 - тапсырма. Суретке назар аударайық. Әр суреттегі заттардың санын анықтайық
Қоян Қояндар
М: Бірінші суретте неше қоян?
О: Бір қоян
М; Қоян сөзіне сұрақ қояйықшы?
О: Не?
М: Екінші суретте неше қоян?
О: Төрт қоян
М: Қояндар сөзіне сұрақ қояйықшы?
О: Нелер?
Әже Әжелер
М: Бірінші суретте неше әже?
О: Бір әже
М: Әже сөзіне сұрақ қояйықшы?
О: Кім?
М: Ал екінші суретте неше әже?
О: Үш әже
М: Әжелер сөзіне сұрақ қойыңдар?
О: Кімдер?
М: Сөздерді салыстырып оқиық? Олардың бір - бірінен қандай айырмашылығы бар?
О:
М: Сұрақ қояйықшы қай сөз табы болып тұр?
О: Зат есім
М: Ендеше бүгін біз балалар зат есімнің жекеше, көпше түрі туралы сөйлейміз.