Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үйрету.
Міндеті:
1. Білімділік: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелі түрде еңбек етуге және барлық тапсырма түрлерін орындау қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: дәстүрден тыс
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, тірек – сызба, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, шарлар, сыйлықтар.
Басқа сабақтармен байланысы: дүниетану, бейнелеу, логика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Математика 2 сынып Алматы Атамұра 2009 ж.
2. Балдырған 2014 ж.
3. Бастауыш сынып журналы 2014 ж.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1тур – Таныстыру
2тур - Бәйге
3тур – Жорға
4тур – Математикалық сандық
5тур – Дода
6тур – Көшбасшы
ІІІ. Қорытынды.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Қайырлы күн оқушылар, көрермендер! XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын сайыс түрінде өтеді.
Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту.
ІІ. Негізгі бөлім.
Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады.
1тур – Таныстыру
2тур - Бәйге
3тур – Жорға
4тур – Математикалық сандық
5тур – Дода
6тур – Көшбасшы
Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1тур – Таныстыру
Математика сырлары
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді!
- дей келе бүгінгі ойынға қатысушылар өздерін таныстырып өтсін.
Әділқазылармен таныстыру.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер! – дей келе сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік.
2 тур – Бәйге
Тоғыз адам қатысады.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
- дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
Ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
16 + 15 = 31
32 – 21 = 11
35 + 20 = 55
24 + 18 = 42
79 – 19 = 60
36 + 12 = 48
82 +13 = 95
50 + 23 = 73
28 – 16 = 12
Талапты оқушыларымыздың 2 кезеңде жинаған ұпай сандарын есепші хабарлайды.
Ұпай сандары аз 2 оқушымен біз осы жерде қоштасамыз.
Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас демекші ойынымызға келіп қатысқандарыңызға рахмет.
3тур – Жорға
Жеті адам қатысады.
Жорға – жорға жорғала
Шапшаңдыққа таң қалма
Ойын деген арпалыс
Жеңілемін деп ойлама!
- деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне де келдік.
Ойынның шарты: әріптерді дұрыс құрап, жылдам жауап беруіңіз керек. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
Адасқан әріптер:
Оызтғ – тоғыз анқост – тоқсан
ықықр – қырық гзсеі – сегіз
скесне – сексен плыса – алпыс
иарыжм – жиырма
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - дей келе ойыннан тағы 2 оқушыны қошеметпен шығарып саламыз. Бүгінгі ойынға келіп қатысқандарыңызға рахмет.
4тур – Математикалық сандық
Бес адам қатысады.
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі – демекші сайысымыздың IV бөлімі – математикалық сандық деп аталады.
Ойынның шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастасын.
40 40 40
30 30 30
20 20 20
Сол жақтағы 20. Үстелде үш стакан сүт бар. Алмас бір стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар? (3)
Ортадағы 20. Нанды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? (2 рет)
Оң жақтағы 20. 2 қыз мектепке келе жатып, алдарынан мектептен келе жатқан 3 қызды кездестірді. Мектепке неше қыз келе жатыр? (2)
Сол жақтағы 30. 3 ағайындының ішінде Марат Асхаттан ұзын. Асхат Дәуреннен ұзын. Кімнің бойы ұзын. (Марат)
Ортадағы 30. Қасқыр мен түлкі тегін балыққа тап болды. Қасқыр айтты Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл дейді түлкіге. Сонда түлкі: саған біреу, маған екеу, саған екеу маған үшеу, саған екеу маған төртеу. Қасқыр неше балық алды? (5)
Оң жақтағы 30. Тосын сый. Өз өнеріңді көрсет.
Сол жақтағы 40. Өлең есеп: Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (2)
Ортадағы 40. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, ал 2 жұмыртқа неше минутта піседі? 5 мин
Оң жақтағы 40. Бейне сұрақ.
Осы кезең бойынша оқушылардың жинаған ұпай санын есепші хабарлайды. Ұпайы аз 2 оқушымен осы жерден қоштасамыз. Бүгінгі сайысымызға белсенді қатысқандарыңызға үлкен рахмет.
5тур – Дода
Үш адам қатысады.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Ойын шарты: Әр адам 30 секунд ішінде 5 сұраққа жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.
1.
Үш сызықтан пайда болған фигура? ( үшбұрыш)
Мектепке баратын баланың жасы (6)
Қосудың компоненттерін ата. ( І қосылғыш, ІІ қосылғыш, қосындының мәні)
Теңсіздік таңбалары ()
5 санының көрші сандарына қандай сандар жатады? (4, 6)
2.
Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, азайтындының мәні)
100 рет ондық (мыңдық)
Нашар баға (2)
6 санының көрші сандарын ата. (5, 7)
8 дм неше см бар? (80 см)
3.
5 + 4 =( 9)
Төрт сызықтан пайда болған фигура? (тіктөртбұрыш)
4 м неше см бар? (400 см)
8 санының көршілерін ата. (7, 9)
Сағат 22: 00 – де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
Осы кезең бойынша сайыскерлеріміздің ұпай санын біліп алсақ. Келесі кезеңге үш оқушы қатысады.
6тур – Көшбасшы
Басталады Көшбасшы деген сайысым,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың? - дей келе біз келесі сайысымызды бастаймыз.
Ойынның шарты: Экранда көрсетілген түрлі – түсті ұяшықты таңдап, сонда жасырылған сұраққа жауап бересіздер. Ойынды ұпайы аз оқушы бастайды. Ойлануға 30 сек беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.
Қызыл ұяшық.
Мына фигуралардың ішінде неше шаршы бар?
(3)
Көк ұяшық.
Үшбұрыштарды сана
(10)
Сары ұяшық.
Қандай фигура жоқ?
?
(үшбұрыш)
Әділқазылар ақылдасып, жеңімпазды таңдағанша көрермендерге логикалық сұрақтар қою:
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағатта ойнады? (2)
Талда 10 торғай отырды. Аңшы 1 - н атып еді, талда неше торғай қалды? (барлығы ұшып кетті)
Үстелде 2 әке, 2 бала отыр. Барлығы неше адам? (3)
Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (соңғы балаға дорбасымен берді)
Қорытынды.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Құрметті қауым!
Miнe, "XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойынын ойнап жемпазымызды анықтадық. Ойынға ат салысқандарыңызға сіздерге алғысымызды айтамын.