Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайрошева Гүлжихан
Ашық сабақ
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Оқушылардың грамматикадан оқып, үйренген ережелерін тапсырмалар арқылы қайталап бекіте түсу.
2) Дамытушылығы: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Тәрбиелігі: Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру.
Сабақтың типі: Білімді тексеру, есепке алу.
Сабақтың түрі: Теориялық және практикалық жұмыстар.
Сабақтың әдісі: Қарлы борау, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, плакат, семантикалық карта, маркер, смайлик, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сыныпты үш топқа бөлу, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Қарлы борау әдісі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар тақырыбын оқыта отырып, сұрақтар дайындату.
ІІІ. Кітаппен жұмыс. 317 - жаттығу. Мәтіннен қарамен жазылған сөйлемдердің ішінен қай сөздерге буын үндестігі заңына бағынбайтын қосымшалар
жалғанған. Тауып жазыңдар.
IV. Берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалға.
І топ ------------- ІІ топ ------------ ІІІ топ
Әке --------------- Апа -------------- Дін
Қонақ ------------- Ем -------------- Аға
Бап --------------- Сән -------------- Жем
Сейфулл --------- Жұмыс ---------- Күрек
Зиян -------------- Өсім ------------- Жансүгір
V. Бекіту Семантикалық карта
қосымша
- хана
- кер
- бен
- гер
- тікі
- кес
Cөздер
Ғарыш..., Самат..., Ас..., Зиян..., Қыз..., Сауда...