Жарты шеңбер бойымен тұру

Скачать

Мақсаты: Кеңістікте, жазықтықта, өз денесінде бағдарлауды, қимыл - қозғалыстың үйлесімділігін олардың дәлділігі мен нақтылығын дамыту. Саусақтарының ұсақ қол қимылын дамыту, мүсінді дұрыстау.
Зейінмен сөйлеу тілін дамыту, бала бойындағы жалпы мәдениет пен көркем талғамды тәрбиелеу.
Білімдік: Дәстүрден тыс тәсілі: Балалар ертегі кейіпкерлерін өздегінің елестетуі бойынша рольге бөлініп ойнау арқылы балалардың ырғақ іс - әрекетіне қызығушылығын арттыру. Кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Тәрбиелік: Үлкендерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу,
Түзете дамыту: Балалардың мүсінді дұрыстау, ұсақ қол моторикасын жетілдіру, есте сақтау қабілетін арттыру. Балалардың зейіні тұрақтау.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, релаксация. Саусақ, қол жаттығуы.
Көрнекті құралдар: СД диск, атрибуттар,
Іс - әрекет кезеңдері Маманның іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотиватциялық ынталандырушылық
- Сәлематсыздар ма!
Екі қатарға шахмат тәртібімен тұру ІІІ поз. иілу
Жүру, жүгіру (тұр), сапқа түру, жолға адамдай секіру жүру.
шеңбер болып тұру.

- Сәлематсыз ба!
Жүру, жүгіру (тұр), сапқа түру, жолға адамдай секіру жүру.
шеңбер болып тұру.

Ұйымдастырушылық ізденушілік
І. ІІІ - поз тұру.
1. Б. қ.: түзеу тұру, екі қол белде, отыру - тұру.(plie)
2. Аяқты кезек - кезек алға еденнен көтермей созу - 4 р.(Battemеnt tendu)
- Балалар бүгін біз ертегілер еліні саяхатқа барамыз, ол үшін әдемі және дұрыс жүріп, жүгіруіміз қажет.

Диагональ бойымен жүру түрлері: Жәй, шоқырақтап, бір қырындап, аяқ ұшымен жүру.
- Балалар көзімізді жұмамыз терең дем аламыз, дем шығарамыз (әсерлі, жай әуенмен тыныс алу жаттығуын орындау) Ал енді көзімізді ашамыз міне ертегілер еліне келдік.

ІІ. Негізгі қимылдар:
Балалар өздері таңдаған өсімдік немесе жануардың атрибутын алып, оған ат қояды. Соған еліктеп қимыл жасайды.

Мысалы:
Аяқтың ұшымен жүру, қолды жоғары көтеріп айналу, екі қолды кезек алға қарай сермеу, алға - артқа жүру, шеңбер бойымен жүру, иілу, аяқ ұшымен жүру, секіру.

Саусақтар гимнастикасы:
Саусақтарымен құстың бейнесін көрсету.

Сиқырлы түс
денені босаңсытуға арналған жаттығу.
Малдас құрып отыру, қол тізеде, басты төмен түсіру.
Педагог мәтінді оқиды:
Біздің қолымыз демалады...
Біздің аяқтарымыз да демалады...
Демалады... ұйықтайды...
Бүкіл дене босаңсиды.
Жеңіл, терең дем алады.

- Енді балалар бәріміз шеңбер отырмыз әр бала өз кейіпкері туралы (педагоктың көмегімен, сұрақ - жауап арқылы) әңгімелеп береді.
ІІІ. Қимылды ойы:
Көңілді маймылдар
Мақсаты:
Еркіндік бере отырып тыңдауға, тәртіптілікке шақыру арқылы шыдамдылыққа, ұжыммен бірге қимылдауға үйрету.
Ойынның шарты:
Жүргізуші - Маймылдардың апасы :
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
Үш дегенде апаң -
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!

І. ІІІ - поз тұру.
1Б. қ.: түзеу тұру, екі қол белде, отыру - тұру.(plie)
2Аяқты кезек - кезек алға еденнен көтермей созу - 4 р.

Балалар:
- Иә, біз дайынбыз.
Диагональ бойымен жүру түрлері: Жәй, шоқырақтап, бір қырындап, аяқ ұшымен жүру.

Аяқтың ұшымен жүру, қолды жоғары көтеріп айналу, екі қолды кезек алға қарай сермеу, алға - артқа жүру, шеңбер бойымен жүру, иілу, аяқ ұшымен жүру, секіру.
Педагогпен бірге қайталау.
Қимыл - қозғалыспен қайталап көрсету.
Рефлексифті
Түзетушілік
ІV. Қортынды бөлім.
- Балалар сендерге ертегілер елі ұнады ма?
- Өте жақсы, көзімізді жұмайық, бақшамызға қайтайық. Шеңбер болып тұру,
терең демалу, дем шығару. Балаларды мақтау, рахмет айту.
Иілу.
- Сау болыңыздар!
ІV. Қортынды бөлім.
- Ия
Шеңбер бойымен жүру, терең демалу, дем шығару.
Иілу, қол шапалақтау.
- Сау болыңыз!
Әуенмен залдан шығып кету.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Шеңбер бойымен жүру, жүгіру Кеңістікті бағдалау
Түсінігі: Әсемдік пен әдептілікті сезіну, жаттығуды дұрыс орындау
Дағдысы: Жарты шеңбер бойымен тұру.


Скачать


zharar.kz