Сабақ тақырыбы: Айбыны елдің - Алпамыс
Мақсаты: 1. Білімділік Оқушыларға эпос, жыр, жырау, жыршы ұғымдарына толықтай түсінік беру.
2. Дамытушылық Көлемді эпикалық шығармаларды қабылдап тыңдай білуге, дағдыландыру, жырды жаттау, есте сақтау дағдыларын арттыру
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жыр кейіпкерлерінің образын тапсырмалар беру арқылы жауабын таба отырып,елжандылыққа, батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.
Міндеті: Халық шығармаларын, ұлттың салт - дәстүрін құрметтеуге, үлгі алуға, ұлы адамдар өмірінен өнеге алуға тәрбиелеу. Айбыны елдің - Алпамыс тақырыбында оқушылардың
білім деңгейлерін бақылап, жырға құмар оқушыларды сараптау
Өзектілігі: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру, ақпараттық технологияны үйлесімді пайдалану.
Шешу жолдары: 1. Сыныптан тыс іс – шара жұмысын тиянақты жоспарлау.
2. Жүйелі жұмыс жасау, нәтижелі іздену.
Тиімділігі: Оқушының ізденушілік қабілеті артады, белсенділігі, қызығушылығы артады, өз бетінше оқиды, талдайды, өзгертеді, уақыт үнемделеді, шығармашылығы дамып, ынта, ықыласы көтеріледі.
Түрі: көрнекі сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, әдебиеттік оқу
Көрнекілігі: Плакат, музыкалық аспап, асықтар, интерактивті тақта
Кіріспе: Қайырлы күн, оқушылар! Сіздермен осындай жарық та әсем, кең сыныпта кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі біздің сыныптан тыс іс – шарамыз ерлік, батырлық туралы болмақ. Жасөспірімдерді ерлікке, батырлыққа, Отанды сүюге тәрбиелеуде Алпамыс батыр жырының маңызы зор. Алпамыс туған елін шет ел басқыншыларынан қорғауда ерен ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлға.
І Қызығушылықты ояту. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтелдер айту. (Барлық оқушы қатысады)
Батыр туса - ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Ер үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Жүру барысы:
Мағынаны тану
Залда отырған терме сыныбының оқушыларына Алпамыс батыр жырынан сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға ең бірінші болып жауап берген 4 оқушы бүгінгі Алтын сақа ойынына қатыса алады.
Сұрақтар:
1. Жиделі Байсын елінде тұратын байдың аты кім еді? (Байбөрі)
2. Жырдағы Ұлтанның бейнесін кім сипаттап бере алады?
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей
Күрек тісі кетпендей
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей
Құлағы болды қалқандай
Мұрнына қарасаң,
Сығымданған талқандай
Көзі терең зындандай
Басқан ізін қарасаң
Көрінеді оттың орнындай
Аузы үлкен ошақтай
Азу тісі пышақтай
Иегі бар сеңгірдей
3. Байбөрі сүйтіп жылап жүргенде жалғыз немере ағасы Құлтайдың тезекші
қара күңінен бір ұл туады. Сол ұлдың атын кім айтып бере алады? (Ұлтан)
4. Алпамыстың ойнап жүріп ұрған баласы өліп қала қала береді. Бір күні Алпамыс өрнек құрып отырған Ей, бала тұр, ойнаймыз түртіп қалса, бала оны көтере алмай өліп қалады. Сонда кемпір Алпамысқа не дейді?
Бекерге жұрт баласын қырып жүрсің,
Ойыңа келгеніңді қылып жүрсің
Сарыбай қызын бермей кетті қашып
Несіне ойын ойнап, күліп жүрсің?
Шекті деген елінде
Сарыбай деген бай еді.
Жалғыз қызы Гүлбаршын
Он бесте туған ай еді.
Жасыңнан саған айттырған
Гүлбаршын сұлу жар еді.
(4 оқушыны сахна төріне шақырып орындарына орналастырамыз)
Енді барлығымыз орындарымызға жайғасып болсақ, Әудем жерге көшейік.
4 асықты иіріп, кімнің асығы тік тұрса, сол оқушы бірінші болып бастайды, (4 түсті
конверттен сұрақтар таңдалып қойылады.)
I. Әудем жер
1. Байбөрі деген бар екен,
Байбөрі малға бай екен,
Төрт түлігі сай екен,
Осы есебі жоқ көп жылқысы бар бай неге зәру болады? (Перзентке)
2. Жақсы ат - ер қанаты дегендей, Алпамыс батырдың жылқысының айтып берші. (Байшұбар)
3. Жырдағы сақау әйелдің аты? (Бадамша)
4. Жырдағы тайшық Ханның Құрсауле қара бура дегені кім еді?
(Алпамыс)
Асықтарды иіріп болғаннан соң, ойыншы ойыннан шығады.
Әрі қарай 3 ойыншы Қозыкөшке қарай көшеді. 3 түсті конвертті 3
ойыншы таңдап, сол конверттен сұрақтар қойылады.
II. Қозыкөш
1Тыныш жатқан елдің шырқын бұзып, малын айдап әкеткен қалмақ ханы
Тайшық түс көреді. Түсінде не дейді?
Ей, жарандар, жарандар
Мен бір ғажап айтайын
Құлақ салып қараңдар
Мен бір бүгін түс көрдім.
Түсімде жаман іс көрдім.
Заманым менің қағынды
Қағынбаса не қылды?
Құрсаулы қара бура кеп
Қарсы қарап шабынды.
2. Алпамыстың сүйген жары кім? (Гүлбаршын)
3. Мыстан кемпірдің бейнесін қалай бейнелеп бере аласың?
Қабағы қатты тырысқан,
Көрінгенмен ұрысқан.
Тізесіне шекпен жетпеген
Басынан жаманшылық кетпеген
Біркез ширек бойы бар.
Асықтарды иіріп, 1 оқушыны ойыннан шығарамыз. Әрі қарай Беласарға көшеміз .
III. Беласар
1. Бала жылап отырғанда, шұбар ат мінген бір диуана өтеді. Сонда Жәдігер не дейді?
Ей, дуана, жол болсын,
Жеке басың қол болсын,
Олжа басың мол болсын
Атыңның басы шапшақтай
Садағың оғы бұршақтай
Диуана, саған жол болсын?!
2. Алпамыстың зынданнан шығуына кім көмектеседі?
(Хан қызы Қаракөзайым)
Асықтарды иіріп 1 оқушыны ойыннан шығарамыз. Әрі қарай ойыншының таңдауына береміз. Егер ол осы жерден тоқтаса, ойынды тоқтатамыз. Егерде ойыншы әрі қарай ойнаса, Жолайрыққа қарай көшеміз.
IV. Жолайрық 1 оқушыға ғана қойылады.
Арада тоқсан күн өтіп, Байбөрінің көзі ұйқыға кеткен уақытта, кім аян береді. Ол не дейді? (Шашты әзіз)
Осы сұрақтың жауабы дұрыс болса, онда бүгінгі сайысымыздың жеңіскері болып саналады.
Толғаныс бөлім.
Бес жолды өлең ( Алпамыс, Гүлбаршын)
1. Алпамыс
2. Ақылды, ержүрек
3. Тапқырлық танытты, ұтымды ойланды, жеңді.
4. Алпамыстың жарының есімі – Гүлбаршын.
5. Алпамыс – батыр.
Қорытынды бөлім: Алтын сақа ойынына қатысқан жеңімпаз оқушыларды марапаттау.