Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының саяси бөлшектенуі тұсында Тәуке ханның саяси шиеленістерді тоқтатып, қоғамда әділеттілік орнатуға бағытталған игілікті шаралары мен Жеті жарғы заңдар жинағының маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Тәуке хан тұсындағы демократиялық өзгерістер мен әкімшілік - құқықтық жүйенің реформалануын айту арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тәуке хан мен оның серіктері ұлы билер атқарған игі істер туралы айта отырып, оқушыларды өз елін, тарихын, ата - бабаларын қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, баяндау
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, карточкалар, жетондар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сыныппен амандасу, түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Сабақты бастамас бұрын сыныпты топқа бөлу. Сынып екі топқа бөлінді.
І топ Тарихшылар , ІІ топ Зерттеушілер
Бұдан кейін сайыстың үш кезең тұратынын айта отырып, сабақты әрі қарай жалғастыру. және әр бір кезең сайын топтар жетондармен бағаланатынын ескерте кету. Үй жұмысы Орта ғасырлардағы қалалар
І кезең: Жеті жұмбақ деп аталады.
Тақтаға сандар жазылған қалташалар шығарылады
10 10 10
20 20 20
30 30 30
1 сұрақ: Яссы қаласы туралы әңгімеле?
2 сұрақ. Өзбек пен Қазақ хандығының арасында бір ғасырға созылған қанды шайқастар болған қала туралы әңгімеле:
3 сұрақ. Сауран қаласы үшін талас - тартыстың шығу себебі неде?
4 сұрақ: Отырар қаласы туралы не білеміз?
5 сұрақ: ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы:
6 сұрақ: Орта ғасырлардағы қалалардың құлдырау себебі:
7 сұрақ: Түркістан қаласы бұрын қалай аталған?
8 сұрақ: Отырар қаласы нешінші ғасырдан бастап Тарбанд атауымен белгілі болды?
9 сұрақ: 10 ұпай
ІІ кезең: Суретке қарап әңгімелеу
ІІІ кезең: мақал - мәтел сайысы
(туған жер, Отан, ел туралы)
Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Тәуке хан туралы
2. Жеті жарғы заңы
Сабақты көрнекіліктер арқылы түсіндіру.
Тәуке ханның билердің еңбектерін баяндау. Жеті жарғы заңының маңызын түсіндіру.
Сабақты бекіту: сұрақтар арқылы
Қорытынды: ұпайы көп топты анықтап, сыйлық беріп, мадақтау.
Бағалау: Үй жұмысы: