Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компыотерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалары бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі - файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ииформацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтап отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
Әрине, архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (PCX немесе BMP тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Әдетте, 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 15-ке дейін дискет (көлемі 1,44Мб) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін (SHAPEWARE) немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARI, RAR, PKZIP және PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.
2. Архивтік файл
Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін, оның мазмұны тәрізді мынадай информациялар сақталады:
- файлдың аты;
- файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
- файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
- архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.
3. WinRAR архивтік программасын пайдалану
Архивтеу жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы арқылы қарастырайық. WinRAR - алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы, DOS, OS/2, Windows (32-разрядты), UNIX (linux, BSD, SCO, Spare, HP-UX) және BeOS.
Windows-қа арналған RAR-дың екі нұсқасы бар:
- WinRAR.exe - графикалық интерфейсті қолдану (GUI) нұсқасы;
Rar.exe- мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.
WinRAR-дың мүмкіндіктері:
RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
- мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;
- арнайы мультимедиалық-қысу алгоритмін қолдану;
алып бару және қойып кету (drag & drop) технологиясының қоршауын пайдалану;
- басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZH, TAR, GZ, АСЕ, UUE) архивтерді басқару;
- бірнеше ұқсас файлдарды қысуда, қарапайым әдістерге қарағанда қысу деңгейі 10-50%-ке көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;
- бірнеше томдық архивтерді жасау;
- стандартты және қосымша SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;
- физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;
- басқа да қосымша функциялар, мысалы, шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESC-тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т.б. WinRAR-ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында. WinRAR-ды қоршау режимінде қолдану үшін, WinRAR белгішесіне тышқанмен екі рет шертіңіз. Бұдан соң файлдарды архивтеуге және оларды шығаруға батырмалар мен менюді пайдаланамыз. WinRAR-ды командалық қатарда қолдану үшін "Іске қосу" менюінен "Орындау..." жолын немесе «Программалар» MS-DOS Сеансы" деген жолды таңдап, керек команданы енгізуіміз қажет. Файлдарды архивтеу және шығару командасының қарапайым мысалдары төменде көрсетілген. Егер WinRAR-ды параметрсіз командалық қатардан іске қосатын болсақ, онда екпінді күйде болатындығына көңіл аударыңыздар.
WinRAR-ды орнатқан кезде "WinRAR-ды программалық қоршау ішіне енгізу" опциясын іске қоспаған болсаңыз, онда файлдарды архивтеу және шығарып алуды тікелей Windows ортасында (Сілтемеден немесе Жұмыс столынан) жасай аласыз.