Сабақтың тақырыбы: Түймедағы. Х. К. Андерсен
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ертегілер туралы білімдерін толықтыра отырып, оқыған ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, оған сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Жанашырлық көрсету, көмектесу, қайрымды болу сияқты қасиеттерді қалыптастыр.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түймедағы гүлдері, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
5 оқушыға оқыту, карточкалармен жұмыс. Балаларға сурттер тарытылып беріледі. Оқушылар соған сәйкес, ертегіден үзінді оқиды.
Үй тапсырмасын бекіту.
2 - слайд.
- Балалар, осы ертегінің авторы кім?
- А. С. Пушкин.
Бұл ертегі 1833 жылы 14 қазанда жазылған. Сараң кемпір атты халық ертегісінің желісі бойынша жазылған.
3 - слайд.
Сонмен, ертегі дегеніміз не?
Оқушылардың жауабын тыңдау, қорытындылау.
4 - слайд.
І. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, ертегі әлеміне саяхатқа шығуға қалай қарайсыңдар?
- Онда көздеріңді жұмып, ертегі әлеміне саяхатқа шығайық.
Құстың дауысын естіп табиғатта жүргендей әсер жасау.
- Даладан гүлдер жинайық.
- Даладан жинаған гүлдеріміздің аты қалай аталады?
Түймедағын құмыраға салып қоямын.
- Түймедағы туралы ертегі тыңдайсыңдар ма?
Г. Х. Андесен Өмір сүру үшін күн, еркіндік, кішкентай гүл керек - деген екен.
Онда Г. Х. Андерсеннің Түймедағы ертегісін оқимыз.
ІІ. Мағынаны тану
1. Автормен, шығармаларымен таныстыру.
1805 жылы 2 сәуірде Оденсе қаласында дүниеге келген. Әкесі - теікші, анасы - кір жуушы болған. Отбасында жалғыз бала болғандықтан оны ешкім жазаламаған болған. 14 жасында әкесі қайтыс болады.
Ганс Копенгаген қаласына келіп, театрда жұмыс жасайды. Оқып білім алады.
Алғашқы ертегілерін жазады.
1872 жылы құлап жарақат алады, содан тәуір болмай ды. 1875 жылы 4 тамызда қайтыс болады. Копенгаген қаласында жерленген.
1. Мәтінді оқу.
Тіркеме әдісі бойынша оқытылады.
3. Сөздік жұмысы
• Шым - ойып алынған жер кесегі
4. Шығарманы талдау.
Сұрақтарға жауап беру.
• Түймедағы қандай болып көрінді?
• Түймедағына өзінің өмірі ұнады ма?
• Ертегідегі гүлдерді адамға ұқсатпадыңдар ма?
• Ал ол өз жанындағы гүлдерге қалай қарады?
• Бозторғай оның қасына қонғанда қандай сезімде болды? Олар дос болды ма?
• Автор қай гүлді жақсы көреді деп ойлайсыңдар?
• Сосын не болды?
• Ертегі соңы қалай аяқталды?
• Бозторғай өлді, ал түймедағы ше?
5. Сергіту сәті.
Гүлдерді ажырату.
6. Жұппен жұмыс. Жоспарды ретімен қою.
• Түймедағы гүлдеді.
• “Мен бақыттымын!”
• Тәкәппар гүлдер.
• Бозторғаймен кездесу.
• Қыз баланың гүлді қиюы.
• Торға түскен бозторғай.
• Ойылған шым.
• Бозторғаймен торда.
• Құстың жан тапсыруы
• Шаңдақ жолда.
8. Топпен жұмыс.
7. Періште мультфильмін көру.
ІІІ. Ой толғау.
1. Бүгін сабақта не үйрендік?
• Маған қызық болғаны...
• Қиын болғаны...
• Менің түсінгенім...
• Менің сезгенім...
• Мен... жасағым келді.
• Маған өміріме.... берді.
Үйге тапсырма: Ертегіні басқаша аяқтау.
Түймедақ туралы дерек жинау.
Бағалау:
2. Мен көбелек ұстап едім - өліп қалды,
Жұлып едім - гүлде солды.
Сонда барып түсіндім, қол тигеннің бәрі өледі,
Тек қана жүрекпен сүй!- деп сабақты аяқтағым келеді.