Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3
Тақырыбы: “Аяз ата”
Мақсаты:
Оқушылардың оқу дағдысын жетілдіре отырып, ойын жүйелі түрде жинақтап сөйлеуге үйрету.
Қыс туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып мазмұнын меңгерту.
Сауатты оқуға төселдіру. Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері, табиғат құбылысы туралы айту.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты төрт топқа бөлу. Қысқы ойындарға байланысты:
І - топ. Шанамен сырғанау.
ІІ - топ. Шаңғы тебу.
ІІІ - топ. Қарлы кесек.
ІҮ - топ. Аққала жасау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
- Балалар қолдарыңды жоғары көтеріп биікке қарап қолдарыңа өте үлкен үрлемелі шар бар деп көз алдарыңа елестетіңдер.
Шар жеп – жеңіл, мөп – мөлдір одан ғажайып бір жылу жылу сезіліп тұр. Оны қолымызға алып, жүрегімізге жақындатайық, жеңіл ұстайық.
Сендер жылулықты сездіңдер ме?
Ал енді осы жылулықты бір бірімізге берейік.
Қыс.
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесен,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша - бауды, тауды да,
Болған ақ түспеген.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Топ бойынша оқушылардан қыс туралы мәтіннің мазмұнын сұрау, сұрақтарға жауап беру, суреттер бойынша қысқа мәтіндер құрау. Өлең шумақтарын шығару.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Аязата өлеңін мәнерлеп оқу. Өлеңнің мазмұнын ашу. Сұрақтарға жауап беру. Бірнеше оқушыға дауыстап оқыту.
Ү. Сергіту сәті.
Төрт топ бір - біріне қыс туралы білгендерін тереңдету мақсатында қызықты сұхбат жүргізеді.
Аязата тапсырмалары. (мұғалім оқушыларға аяз атаның әкелген сыйлықтарын беру мақсатында тапсырмалар таратады. Аяз атаның суреті слайд арқылы көрсетіледі.)
Бетінен суық сүйеді,
Ерніне суық тиеді. (Аяз)
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қарай қашады. (Қар)
Тікен, тікен тік пісте
Қысы - жазы бір түсте. (Шырша)
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (Мұз)
Қ ы с
жағымды жағымсыз
- Балалар біз қыс туралы әңгімеледік, жұмбақ шештік, өлең оқыдық, ойын ойнадық.
Қазір мен сіздерге төрт топқа 4 тұрлі сурет ұсынамын.
Сол суреттерді берілген уақыт ішінде әдемі етіп бояп, топ мүшелері сурет бойынша айтып шығады. 4 топқа аяз ата бейнеленген әртүрлі төрт сурет беріледі. Оқушылар осы суреттерді әдемілеп берілген уақыт ішінде бояп беріп, сурет бойынша әңгімелейді.
ҮІ. Қорытынды:
Балалар, бәрің де тапсырманы жақсы орындадыңдар және кім көп қар жинады екен?
Балалар өз тапсырмаларын, орындаған жұмыстарына орай мақтадан жасалған қарлардың қаншалықты жиналғанын қарап жинаған ұпайларын есептейді. (санау)
1. Сабақ сендерге ұнады ма?
2. Қандай ойындар ойнадық?
3. Не жинадық?
Балалар өздерін бағалайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Аязата өлеңін мәнерлеп оқу.