Астана қаласы,
№63 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Нурбекова Асемгул Казымбековна
Тақырыбы: Қазақстан менің үйім.
Мақсаты: Өз елін жерін сүюге, құрмет көрсете отырып қызмет етуге дайындау
Өз халқының тарихына сын көзбен қарап, саралай білетін саналы азамат ретінде қалыптастыру.
Өз ұлтының тарихын сүюге, дамытуға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, слайдттар, ҚР рәміздері, шарлар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Отан деген ұлы ұғым,
Түсін соны ұлығым,
Өз жеріңде еңбек етіп,
Өз еліңді қорға ұлым.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз, үйіміз.
Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.
Отан отбасынан басталады - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Треннинг Әрқашан күн сөнбесін әніне түрлі қимылдар жасау арқылы жүргізу.
( Ақындар жырлайды оқушылардың жаттаған өлеңдерін тыңдау.)
Отан туралы. М.Мақатаев
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған ”Отан” деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан...
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...
Қазақ елі тәуелсіздік алып өз рәміздерін жасатып, бар елге таныстырып, насихаттап жүргендеріне де біраз уақыт болды. Қазақстан мемлекеті бар екенін жаңа таныған елдер үшін біздің жеткен жетістіктеріміз таң қалдыру да олай болса рәміздеріміз туралы не білеміз?..
− Балалар кім туымызды сипаттап, авторлар туралы мәлімет береді?
Оқушы:
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
- Жарайсың өте тамаша.
- Олай болса елтаңбамызға да түсінік бере кетейік.
Оқушы:
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба?!
− Елтаңбаға сипаттама беру.
Оқушы:
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы Қазақстан деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
− Жарайсың өте тамаша түсіндірдің.
− Келесі кезекте әнұранымыз туралы айтып өтсек.
Оқушы:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ? !
Әнұран шырқалып, сипаттама беріледі.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран.
Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы Менің Қазақстаным бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде Менің Қазақстаным әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
- Жарайсың ел таңдауы болған әнұран туралы да мәлімет алдық.
- Балалар кім айтады, Қазақ жерін кім басқарады?
− Дұрыс айтасыңдар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ендеше, елбасымыздың өмірбаянына көңіл бөлейік.
− 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы завод-втузды бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар Академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры. Белорус ғылымдар академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960–1969 жылдар аралығында Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеді.
1969- 1973 жылдар. Қарағанды облысы Теміртау қаласында комсомол, партия жұмысында болды.
1973–1977 жылдар – Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы.
1977 — 1979 жылдар –Қарағанды облыстық партия комитетінің Хатшысы, Екінші хатшысы.
1979–1984 жылдар – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Хатшысы.
1984 — 1989 жылдар – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы.
1989–1991 жылдар –Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы. Сонымен бір мезгілде 1990 жылдың ақпан-сәуірі аралығында – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы.
1990 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті.
− Қазақстанның елордасы туралы кім атайды?
Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана.
Астана туралы мағлұматтар.
− 1997 жылы Егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола Қазақстанның елордасына айналды. Халқы 290 мың адамды құрайтын, Қазақстандағы ең көркем әрі келешегі мол қалалардың бірі Қазақстанның жаңа Астанасына айналды. Қаланың алаңы 1997 жылы 258 шаршы километрді құраса, бүгін 710, 2 шаршы километрді алып жатыр.
1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмоланың атауы Астана деп өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Қазақстанның Астанасына медаль тапсырылып, Бейбітшілік қаласы деген жоғарғы атақ берілді. Бүгін Астана –еуразиялық кеңістіктің орталығы, мұнда қазіргі заманғы саяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени мәселелер бойынша түрлі басқосулар өткізіледі.
Қазақ елінің жүрегі, сүйікті үйі, қаласы, елордасы Астана болмақ.
Оқушы:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген,
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Оқушы:
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Оқушы:
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,
Тыңдарсың оң жүректің сазын әлі.
Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.
Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан - Қазақ елім!
Қорытындылау:
Міне, егемендігімізді алып, Елбасымыздың ақылдылығы мен көрегендігінің арқасында өз үйім, өлең төсегім деп ардақты елімізде өз шаңырағымызда өмір сүрудеміз. Бұлда болса біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тәуелсіз балаларына жасалған зор мүмкіндік пен қамқорлық. Өз елің үшін, жерің үшін аянбай еңбек ету керектігін ұмытпа жас ұрпақ деп бүгінгі сабағымды мына салиқалы оймен аяқтағым келіп тұр.
Елін сүйген, жерін сүйген елбасы,
Құрметпенен қадірлеген данасы.
Өз елім деп, өз жерім деп аянбай,
Тер төгуде қазақтың бір баласы.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін тәуелсіз балалар.!
(Тәрбие сағаты Атамекен әнімен аяқталады.)
Тәрбие сағатының өтілу барысынан