Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Скачать

Қарағанды қаласы,
№6 Жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Тәжит Манат Жанатқызы

Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Мақсаты:
1. Ауаның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Дүние танымын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін мәнерлеп оқу, слайд 3.
2.Оқушыларды 3 топқа бөлу, атауларымен таныстыру, ұран айтқызу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Әр оқушыға тест жұмыстарын тарату, топтар бір – бірлерінің тест жұмыстарын тексеру, тақтадан тест жұмысының қорытындысын көрсету.
- Ауа деген не?
- Ауаны құрамындағы қоспаларды ата?
- Орманды жерде оттегі неге көп?
- Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?
- Метеориттер деген не?
- Жердің қорғанышы деген не?
- Ауа райы дегеніміз не?
- Климат деген не?
- Қазақстан жеріне не себепті жауын- шашын аз түседі.
2. Халық ауа – райын қалай болжаған?
Жобаны 3 топтан 3 оқушы қорғайды. (Слайд көрсету).
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.
Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.
Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Оқулық бойынша түсіндіру.
Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар , улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.
Бейнетаспа мен слайд көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Бөлікке бөліп дауыстап оқыту.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Дәптермен жұмыс.
Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?
Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?
Деңгейлік тапсырмалар тарату.
Сергіту сәті:

V. Бекіту кезеңі:
Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Ауа райын бақылау үшін не қажет?
Қазақстанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?
Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?
Нені білемін? Нені үйрендім? Нені үйренгім келеді?

VІ. Қорытындылау
- Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?
- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
Ауа тіршілік көзі. Ауа өмір тынысы деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе Ауадай қажет деп ауаны ерекше бағалайды.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат. Т. Есімжанов

VІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:
68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.
Қарағанды, Теміртау қалаларының экологиялық жағдайы.
VІІІ.Бағалау.


Скачать


zharar.kz