Тақырыбы: Менің құқығым және міндеттерім
Мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, суреттер, ертегілер
Сабақтың түрі: тақырыптық сабақ
Сөздік: Конституция, құқық, міндет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр бала өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
ІІ. Әнұран орындалады.
Балалардың назарын Ата Заң кітабын аудару.
- Конституция – бұл біздің еліміздің басты заңы. Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
1. Бала құқығы бекеті.
- Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?
Өмір сүруге, отбасына тәрбиеленуге, білім алуғ, демалуға, денсаулықты сақтауға т. б.
Балалар суреттерді алып тақтаға іледі.
- Енді, сендерге түсінікті болу үшін өздеріңе белгілі ертегілерді мысалға келтіре отырып, осы құқықтарды қарастыруға тырысамыз.
- Бауырсақ ертегісі - өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды.
- Тазша бала ертегісі – сөз бостандығына
- Ұр, тоқпақ ертегісі – дүние мүлкіне
- Кір, қоймас ертегісі – денсаулыққа
2. Ертегі бекеті.
Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топқа ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады. (бірнеше қиықтарға бөлінген) Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.
Мыстан кемпір - ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді.
Карлсон - шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады.
Тоты құс - адамдардың тұрғылықты жерлерін қиратады, бау - бақшадан алтын алмаларды ұрлайды, сондықтан осы қылмысы үшін торда қамалған.
Теңге жинау - ойыны
Ойлан, тап ойыны.
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.
- Ер Төстік +
- Мыстан кемпір –
- Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр –
- Шық бермес Шығайбай –
- Қызыл Телпек +
Өте тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер! Өздеріне қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер.
Мәре бекеті – Рефлексия.