Жобаның тақырыбы:
Адам аттарының мағыналары (оқушыларға)
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім:
1. Антропонимика - ғылым саласы
2. Адам есімі неге байланысты қойылған?
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Ырымға байланысты ат қою.
2. Қазақ халқының 15 салт - дәстүрге байланысты ат қоюы.
3. Адам атына планетаның ықпалы.
4. Есімдегі әріптердің мән - мағынасы.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
1. Ат беруге шебер халық.
2. Өзгеге еліктеуден не ұтамыз?
1. Зерттеу міндеттері:
Адам аты туралы материалдар жинау;
Оны зерттеу;
Өз сыныбымның аттарын зерттеп, топтастыру;
Қазақ халқының ат қою ерекшелігін білу;
2. Зерттеудің мақсаты:
Есімдердің адам өміріне қандай ықпалы бар екенін айқындау;
3. Зерттеу өзектілігі:
Адам есімдерін қоярда сақтықпен қарап, жауапкершілікті сезіну – абзал.
Антропонимдер - кісі аттарын, фамилияларын, лақап аттарын және бүркеншік есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Кісі есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады.
Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата - ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады. Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан көп те мол болумен қатар, құрамы мен құрылысы жағынан да әр алуан өзінше бөлек дәстүрлі қазақ есімдері де көп кездеседі. Антропонимдер тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі қорынан алады да тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп ол тілдегі сөздердің барлық салаларынан жасалады.
Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени - тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді.