Кім болам?
Футболшы болсам мен егер,
Болар еді ғажайып.
Командаға келемін,
Жеңіске де жетемін.
Таэквандоның бір түрі,
Әлемге де белгілі,
Ушуист болсам, бәлкім, мен,
Талай сыннан өтермін.
Ел намысын қорғауға,
Жарыстарға барармын,
Алтын белдік алармын.
Ата-анама
Той болуды тіледі,
Қыз бен жігіт үйленді.
Ұрпағына жалғасқан,
Былай есім береді –
Әлібек, Әділет, Алтынбек.
Өсер еді балалар,
Ата-анасын асырар.
Ішіндегі бір бала,
Ақын болуды армандар...
Өтірік өлең
Зытты қасқыр жорыта,
Көріп қалып көп қойды.
Сол қасқырды ұстап ап,
Қошқар ағай жеп қойды.
Жұмбақ
Өзі жасыл, өзі сопақ,
Қытырлайды жегенде.
Бірде ащы, бірде тұщы,
Таусылады бір демде.
(қияр)
Ана
Бізді өмірге әкелген аналар,
Бағып-қағып, мәпелеген аналар,
Дүниенің кереметін көрсетіп,
Тәтті өмірдің нәрін берген аналар.