Сөйлемді көшіріп жазу

Скачать

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба білу дағдыларын арттыру.
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: Сыни ойлау
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.

II. Қызығушылықты ояту ой қозғау .
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Буын үндестігі дегеніміз не?
Сөз тіркесі қалай жасалады?
Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз?

III. Мағынаны тану.
- І – ші слайд.
- Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
- Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)

Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1. Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2. Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3. Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.

2. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.

- Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
- Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.

2 - жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)

Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)

Топпен жұмыс
3 - жаттығу
І – топ
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
ІІ - топ
Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.

5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
- Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?


Скачать


zharar.kz