Дені сау бала – дені сау ұрпақ! авторлық бағдарламасы
Бағдарламаны құрастыруда сүйенген негіздер:
1) Т. Э. Токаеваның Денсаулық әліппесі мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық және валеологиялық дамыту бағдарламасы.
2) Л. Г. Татаринкованың Денсаулық бағдарламасы.
3) М. Л. Лазаревтің Здравствуй атты Сауықтыру – дамыту бағдарламасы .
4) Т. Н. Доронова денсаулық қалыптастыру және дамыту бойынша ата – аналар мен тәрбиешілерге арналған Из детства в отрочество бағдарламасы.
Бағдарлама денсаулық мәдениеті негізіне тәрбиелеуге, баланың өзі және денсаулығы туралы өзі пікірін қалыптастыруға, денсаулық сақтауға бағытталған. Сондай – ақ, бағдарлама балаларды сауықтыру және бала денсаулығын сақтауда ата – аналар мен педагогтердің біріккен қарым – қатынасына бағытталады.
Түсінік хат.
Дені сау бала тәрбиелеу – отбасы және мектепке дейінгі мекеменің басты міндеті. Отбасында саламатты өмір салты дәстүрін ұстану құптарлық іс деп санаймын. Мектепке дейінгі жасында өзіне жақын ортада атап айтқанда, отбасында жеке тұлға негізі қалыптасады, баланың түсінігіне отбасы моделі пайда болады, дербестікке қол жеткізе отырып, ересектер өмірін саналы түрде іске асыра бастайды. Баланың дені сау болу үшін ең алдымен ата – анада өзінің денсаулығына деген саналы түсінік болуы тиіс. Баланың денсаулығын сақтаудағы МДҰ қолдаудағы ата – ананың рөлі баланың денсаулығын сақтау және нығайту мәселесі жөніндегі көмектер мен МДҰ мамандарынан қолдауды дұрыс қабылдау болып табылады.
Бала денсаулығы қоршаған ортамен және организм мүмкіндігінің бейімі бірлігімен бағалануы қажет. Сондықтан бала денсаулығының физикалық дамуы және денсаулықты нығайту жұмысының негізіне отбасы мен оның барлық мүшелері және отбасының тұрмысы жатқызылады. Баланың негізгі белсенді уақытын өткізетін орны екінші үйі атап айтқанда ол – МДҰ. Тұлға болып қалыптасудың негізі – толыққанды физикалық даму мен баланың денсаулығы.
Мақсаты: денсаулық белсенділігін қалыптастыруға байланысты мектеп жасына дейінгі баланың күнделікті қызмет процесі және саламатты өмір салты дағдысы бойынша ата – аналарға көмек беру.
Міндеттері:
1) Ата – аналардың балалармен бірге физикалық және сауықтыру шараларына қатысуға қызығушылығын арттыру
2) Отбасындағы саламатты өмір салтына, дене шынықтыру және спорт сабақтарына деген оң көзқарас қалыптастыру.
3) Ата – аналарға МДҰ мамандарымен бірлесіп баланың денсаулығын сақтау және нығайту мәселесіне арнайы біліктілік көмек көрсету.
4) Баланы денінің сау болып өсуіне тәрбиелеу, оларға саламатты өмір салты жайлы қарапайым және жеке валеологиялық негізді тәртіптер тәсілінің дағдысы туралы түсінік қалыптастыру.
Сараптама болжамы.
МДҰ Дені сау бала – дені сау ұрпақ! бағдарламасын енгізу тиімділігі ата – аналардың білім беру үдерісіне деген белсенділігі есебінен арттырылады. Сондай – ақ, отбасымен жұмыс жүйесі келесі мәселелерді қамтиды:
- бағдарламаны ата – аналарды қос алғанда, МДҰ білім беретін барлық қатысушылар зерделеу;
- теориялық және тәжірибелік семинарлар өткізу барысында ата – аналардың валеологиялық көқарастарын қалыптастыру;
- сауықтыру үй жұмыстарын бақылайтын әдістер әзірлемесі.
Бағдарламаға қатысушылар.
Бағдарлама орта және жоғарғы жастағы балалар, ата – аналар, педагогтерге арналған.
Күтілетін нәтиже.
• Балалар ауруы деңгейінің азаюы.
• Ата – аналардың білім беру және баланың сауықтырылу үдерісіне белсенділігін арттыру.
• өзін – өзі сауықтыру дағдысын меңгеру.
Бағдарламаны құру принциптері.
1. Қолжетімділік
• жас ерекшелігін ескеру
2. Жүйелілік және бірізділік
• бірте – бірте жай материалдан күрделі материалдар беру;
• жыл бойы меңгерген ережелер мен нормаларды қайталау;
• әр балаға және әр отбасына олардың қызығушылықтары мен қабілеттері негізінде даралап тіл табысу.
3. Көрнекілік
• ойлау ерекшелігін ескеру
4. Динамикалық өсіңкілік
• түрлі қызметтер түріндегі бағдарламасын біріктіру
5. Саралау
• жас ерекшелігін ескеру
• баланың саламатты өмір салты нормасы мен ережесін меңгеру үшін қолайлы орта құру
Бағдарламаны іске асыру құралдары.
Бағдарлама үш кезеңге есептелген:
1 кезең – дайындық.
Міндеттері:
• мәселелер бойынша психологиялық – педагогикалық әдебиеттер оқу;
• ата – аналарға арналған сауалнамалар мен диагностикалық әдістер әзірлеу;
• МҰ және отбасы арасында өзара әрекеттестік жасау үшін педагогикалық жағдай анықтау;
• болашақ бірлескен шаралар жоспарын әзірлеу.
2 кезең – негізгі.
Мақсаты: процесске қатысушылардың денсаулық сақтау ісіне деген жауапкершілік қалыптастыру.
Міндеттері:
• саламатты өмір салтының қажеттілігін ұғынуға тәрбиелеу;
• балалардың қозғалыс белсенділігін арттыратын сәйкесті пәндік орта құру;
• балаларды физикалық тәрбиелеу мен денсаулығы мәселесі жөнінде ата – аналарға сабағаттық кеңес беруді ұйымдастыру.
3 кезең – бақылаулық (қорытынды).
Мақсаты: жұмыс қорытындысын жалпылау.
Міндеттері:
• жұмыс нәтиежесін талдау;
• МДҰ мен ата – каналардың өзара әрекеттестік проблемасы бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.
Бағдарлама тиімділігінің критерийі.
1. қатысуға деген ата – аналардың белсенділігін арттыру:
- балаларымен бірге МДҰ өткізілетін физикалық – сауықтыру шараларда;
- бала денсаулығын сақтау және нығайту мәселесі бойынша жұмыстың түрлі нысанында;
- топта және МДҰ учаскесінде қоршаған ортаның пәндік – кеңістігін дамытуда.
2. Отбасындағы саламатты өмір салтына деген оң уәждеме:
- зиянды әдеттен орнықты түрде бас тарту;
- сауықтыруға бағытталған үйірмелер, секцияға қатысу;
- балалармен бірге белсенді демалыс;
- шынықтыратын процедуралар жасау;;
- педагогикалық және медициналық ағарту барысында алған ұсынысты пайдалану.
3. Ата – аналардың баласының күнделікті балабақшаға баруына қызығушылығын арттыру. Сырқат бойынша балалардың балабақшадан қалу санын азайту.
Қосымша
Ата – аналар және балалармен жұмыстың келешек жоспары.
Қыркүйек
1. Ата – аналар сауалнамасы
2. Денсаулық бұрышын ресімдеу
3. Дені сау бала тәрбиесіндегі отбасы және балабақшаның рөлі консультациясы
4. Бала денсаулығы жағдайының диагностикасы
5. Күзгі қонақта денсаулық күні
Қазан
1. Балалармен тәрбиелік – оқыту және сауықтыру негізгі бағыттағы жұмыстар жалпы ата – аналар жиналысы.
2. Пияз, сарымсақ қосылған көкөніс тағамдар көрмесі
3. Дәрісіз және дәрігерсіз атты әдебиет көрмесі
4. Емдік ойындар
5. ОРЗ кезіндегі нүктелі массаж
Қараша
1. Жоғары тыныс алу арулардың алдын алуға арналған сарымсақ моншақ дайындау атты консультациясы
2. Тепе - теңдік, икемділікті дамытуға арналған сауықтыру жаттығуларының рөлі ашық есік күні
3. Үйде және МДҰ - ғы дене шынықтыратын процедуралар әңгіме
4. Күн, ауа және су – біздің ең жақын досымыз фотокөрмесі
5. Денсаулық еліне қош келдіңіздер сабағы
Желтоқсан
1. Денсаулық туралы шындап айтсақ сұрақ – жауап кештігі
2. Дәстүрлі емес құралдар қолдану арқылы дене шынықтыру фрагменттер көрсету
3. Үй жағдайындағы дене шынықтыру құралдары тақырыбында ата – аналар баяндамасы
4. Дәрігер келгенге дейін не істеу керек? жадынамасы
Қаңтар
1. Денсаулық еліне саяхат денсаулық күні
2. Баланы салқын тиюден қалай қорғау керек? тақырыбында консультация
3. Денсаулық мәдениеті фотоқабырға
4. СӨС қолжазба кітабы
Ақпан
1. Әкем және мен - спорттық отбасымыз ойын - сауығы
2. Дұрыс тамақтану негіздері тақырыбында консультация
3. Шаңғы жолы шақырады! шаңғы тебу
4. Спортқа құмарлар фотогазет
Наурыз
1. Витаминді шайдың дәмін тату
2. Менің анам бәрінен артық! ойын - сауығы
3. Бала тағамындағы витаминдер рөлі тақырыбындағы сабағат
4. Зиян келтірме! принципі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру экспресс сауықтыру
5. Денсаулық аптасы жобасы
Сәуір
1. Көңілді бастама спорттық сауық
2. Бес саусағынан өнер тамған отбасылық қолөнер көрмесі
3. Бала денсаулығы біздің қолымызда тақырыбында әңгіме өткізу
4. Денсаулық Патшалығына саяхат – сабақ.
Мамыр
1. Дені сау бала – ақылды бала семинар - практикумы
2. Бала денсаулығының диагностикасы
3. Қарама – қарсы, әуе және судағы шынықтырулар тақырыбындағы сабағат.
4. Бармаш отбасымызбен бірге демалайық фотомонтаж
5. Орманға кіші сапар
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Отбасы және балабақша журналы №3, 2013, №5,№7, 2014
2. Дошкольное воспитание журналы №8, 2013
3. М. Е. Лазаревтің Здравствуй сауықтыру – дамыту бағдарламасы;
4. Т. Н. Доронованың Из детства в отрочество бағдарламасы;
5. Т. Э. Токаеваның Денсаулық әліппесі мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық және валеологиялық дамыту бағдарламасы.
6. Л. Г. Татаринкованың Денсаулық бағдарламасы.
Астана қаласы, №30 "Қайнар"
балабақшасының тәрбиеші
Мейрамова Толкын Мухамеджановна