Баланың орталық жүйке жүйесінің жағдайы

Скачать

Балабақша тәрбиешісі: Айбану Нартайкызы

Ұлттық ойын терапиясы - балалардың сөйлеу тіліндегі тұтығу тіл кемшілігін түзету құралы ретінде

ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ: Балалардағы тұтығу тіл кемшілігін түзетудің тиімді құралы ретінде ұлттық ойын терапиясын қолдану.
Зерттеу нысаны: сөйлеу тілі кемшілігінде тұтықпасы бар мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: ұлттық ойын терапиясы балалардағы тұтығу тіл кемшілігін түзету құралы ретінде.
Зерттеу болжамы: егер, балалардағы сөйлеу тілі кемшілігінің ішіндегі тұтықпаны түзетудің құралы ретінде ұлттық ойын терапиясын қолданса, онда тұтықпа тіл кемшілігін түзетуге болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Тұтығу тіл кемшілігінің шығу тегіне толықтай шолу жасап, пайда болу себептерін анықтау;
2. Балалардағы тұтығу тіл кемшілігін түзету барысында әдістеме жасақтай отырып, эксперимент жүргізу.
3. Эксперимент барысында алынған нәтижелерді тіл кемшілігінде тұтықпасы бар балаларға күнделікті өмірде қолданысқа ұсыну.

ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:
1 - КЕЗЕҢ: Тақырыпты теориялық тұрғыдан зерттеу, материал көздерін жинақтау.
2 - КЕЗЕҢ: Тұтығу тіл кемшілігін түзету жолдарын анықтау, соның ішінде ұлттық ойын арқылы түзету жұмыстарын жүргізу;
3 - КЕЗЕҢ: Зерттеу негізінде жинақталған тәжірибелік материалдарды практика барысыныда қолдануға ұсыныс беру.
Зерттеудің практикалық құндылығы:
1. Тұтығу тіл кемшілігінің шығу тегіне толықтай шолу жасап, пайда болу себептерін анықталды;
2. Балалардағы тұтығу тіл кемшілігін түзету барысында әдістеме жасақтай отырып, эксперимент жүргізілді;
3. Эксперимент барысында алынған нәтижелерді тіл кемшілігінде тұтықпасы бар балаларға күнделікті өмірде қолданысқа ұсынылды.

Тіл кемістігі дегеніміз сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады. Сөйлеу тілінің бұзылуы – сөйлеу әрекетінің механизмдерінің жұмысының қалыптан ауытқуы, бұзылуы. Мәселен, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілмеуінде тілдің морфологиялық жүйесін меңгеру, сөйлемнің синтаксистік құрылысының деңгейі өте төмен болады.
Сөйлеу тілінің шапшаңдығы мен баяулығына байланысты анықталатын сөйлеу тілінің кемшілігі – тұтығу деп аталады. Тексеру жұмыстары қорытындысы бойынша сөйлеу тілінің шапшаңдығы мен жаттықтығы оның тұтықпаға байланысты екендігі анықталған. Тұтықпаны анықтау үшін логопед тұтықпаның сөздің бірінші дыбысын немесе буынын бірнеше рет қайталайтын серіппелі дірілдеу (клоникалық) деген немесе сөйлеп тұрып сөздің ортасында, көбінесе сөйлердің алдында кібіртіктеп кенет тоқтап қалатын құрысу (тоникалық) деген түрлерін анықтап, ерекшеліктеріне назар аударады.

Осы уақытқа дейін тұтықпаның этиологиясына бірдей көзқарас жоқ. Дегенмен, барлық зерттеушілер, тұтықпаның пайда болуына бірқатар факторлардың маңызын атайды.
1. Баланың жасы.
2. Баланың орталық жүйке жүйесінің жағдайы.
3. Жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты сөйлеу онтогенізінің өтуі.
4. Бас миының функциональдық ассиметриясының қалыптасу ерекшіліктері.
5. Психикасының зақымдалуы.
6. Генетикалық фактор.
7. Жыныстық деформизм.

ХІХ ғасырдың басындағы тұтығудың пайда болуына деген түрлі көзқарастарды теориялық негізгі үш бағытта жіктеуге болады:
Сөйлеу орталықтарының тітіркендіргіштерге әлсіз жауап беруінен невроздың құрысу координациясы ретінде қарастырылуы. Бұл теория (Г. Гуцман, А. Куссмауль, И. А. Сикорский) еңбектерінде анық сипатталады. Олар өз еңбектерінде тұтығуды артикуляцияның үздіксіздігінен сөйле аппаратының бөліктеріндегі аяқ астынан болған құрысулар деп түсіндіреді.
Тұтығудың ассоциативтік кемшіліктердегі психологиялық мінездемесі. Бұл бағыттағы зерттеушілер (Т. Непнефер, Э. Фрещельсом, А. Либман, Ю. А. Флоренский) тұтығудың механизмдерін психологиялық сипатта қарастыруды ұсынды.
Тұтығуды қоршаған ортадағы түрлі келіспеушіліктердің әсерінен, саналы түрде орындалатын психикалық соққылардың әсерінен болуы деп өз теорияларын ұсынғандар (А. Адлер, Шнайдер) тұтығуды индивидтің жағымсыз жағдайлардан қашқақтауы кезінде болатынын анықтайды.

Тұтықпаны зерттеудегі көзқарастардың қорытындысы тұтықпа механизмдерінің әр түрлі екендігін дәлелдейді:
Бірінші жағдайларда бас миының қабықшаларындағы нерв процестерінің күрделі невротикалық бұзылулары ретінде қарастырылса,
Екінші жағдайда дұрыс сөйлемеуден пайда болатын невротикалық жағдайлар,
Үшінші, тұлғаның дисгармониялық дамуының әсерінен болатын функционалдық кемшіліктер,
Төртінші, орталық нерв жүйесінің органикалық өзгерістері негізінде түсіндіріледі.

Тұтығу этиологиялық белгілері бойынша екі түрге бөлінеді:
Жиі кездeсетін түрі перифериялық немесе орталық нерв жүйесінің механизмдерінің органикалық бұзылуынан болатын функционалдық тұтығу. Функционалдық тұтығу қорытынды жасау арқылы фразалармен сөйлеудің қалыптасуы кезіндегі тынымсыз балаларда (2 - 2, 5 жастағы) кездеседі.
Орталық нерв жүйесінің органикалық бұзылуынан (бас сүйегі соққы алуы, инфекциялық аурулар) болатын тұтығу. Тұтығудың мұндай түрі кез - келген жаста пайда болуы мүмкін.
Халықтық педагогика тәжірибесі мен қазіргі психологиялық - педагогикалық ғылыми жетістіктері болашақта тәрбиелеу мәселесін шешуді анықтауға, қазақтың ұлттық ойындарын қолдану арқылы тіл кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақтың белгілі ағартушы - педагогы Ы. Алтынсарин, ақын А. Құнанбаев ұлттық ойындарды баланы жан - жақты дамытуда қолданудың тиімділігіне мән берген.

Оқыту - тәрбиелеу процесінде ұлттық ойындарды қолданудың қажеттілігін Н. Қужанов, М. Жұмабев, И. Жансүгіров, Т. Тәжібаев, м. Әуезов, С. Мұқанов т. б. еңбектерінде көрсеткен.

Қазақтың ұлттық ойындары зерттеушілердің негізгі саласы болуын әлі жойған емес. М. Т. Таникеев, Т. Тотенаев, Ж. Төлегенов, Т. Қуанышев, К. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, А. Айтпаева т. б. қазақтың ұлттық ойындарын зерттеуді әлі де жалғастырып келеді.

Эксперимент бөлімінің 1 - кезеңіне сәйкес келесі ойын түрлері қолданылды:
САҢЫРАУҚҰЛАҚ ТЕРУШІ КІРПІ
- ПИРАМИДА ЖАСАЙЫҚ
- ТЫЙЫМДЫ ҚОЗҒАЛЫС
1 - кезеңнің қорытындысына сәйкес, тұтығатын балалардың бұл ойындарға деген қызығушылығының төмендігі байқалды. Сол себепті эксперименттің 2 - кезеңінде тұтығу тіл кемшілігін түзету үшін ұлттық ойын түрлерін қолдандым. Олар:

Сақина салу
Қарамырза
Дауыста, атыңды айтам
Ұшты - ұшты
Саусақтар сөйлейді
Жаңылма
3 - кезеңнің негізгі міндеті, белгілі бір нәтижені қолданысқа ұсыну болғандықтан, 1 және 2 кезеңнің қорытындыларын есепке ала отырып, анықтаушы экспериментке сәйкес балалардың қазіргі деңгейін анықтау мақсатында 1 - кезеңде төмен деңгей көрсеткен 5 балаға жаңылтпаш бердім.
мысалы:
Арықтан су сылдырап ағады
Сылдырап ағады,
Сылдырап ағып,
Сылдырмаға барады.

Зерттеу жұмысының қорытындысында, ұлттық ойындардың педагогикалық мүмкіндіктері өте зор екендігін ескерсек, арнайы білім беру саласында мүмкіншілігі шектеулі кез келген баланың бойындағы кемістікті ұлттық ойындардың көмегімен түзетуге болатындығына көз жеткіздік. Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардағы тұтығу тіл кемшілігін түзетуде ұлттық ойын терапиясын қолдану арқылы көптеген жетістіктерге, оқ нәтижелерге жетуге болады. Себебі, ұлттық тәлім - тәрбиемен тәрбиелеген баланың болашақ іргетасының мықты болып қаланары сөзсіз.


Скачать


zharar.kz