Шалқан ертегісінің суреттері

Скачать

Ертегілер елінде
Шалқан ертегісін сахналау.
Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.

Ертегінің барысы
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады
Тәрбиеші: Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.
Тәрбиеші есік ашады
Қоян: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан ертегілер еліне қонаққа келіп тұрмын. Раиса балабақшасының бүлдіршіндері Шалқан ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы келдім.
Тәрбиеші: Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса қойыңыз.
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата: Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір: Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз: Итім, итім көмекке келші.
Ит: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы
ЖШС Раиса балабақшасының тәрбиешісі
Қабытаева Хадиша Барбасқызы
ЖШС Раиса балабақшасы


Скачать


zharar.kz