Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, смайликтер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• оқушылармен сәлемдесу;
• оқушыларды түгендеу;
• топқа бөлу (Алгоритм, Паскаль);
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сиқырлы сандық
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Есептерді шешу алгоритмінің көптүрлігінен есептеу процесінің негізгі үш түрін бөліп алуға болады:
1. сызықтық алгоритм (бірнеше командалардың тізбектеліп құрылуы);
2. тармақталған алгоритм (бір немесе бірнеше командаларды таңдау);
3. циклдік алгоритм (шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейін командалардың қайталануы).
Мұндай құрылымдардың жинақталып қолданылуы кез келген алгоритмді практикалық түрде орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, екі санның қосындысын табу сияқты өмірімізде командалар бірінен кейін бірі орындалатын өте жиі алгоритмдер кездеседі (3 - сурет). Мұндай алгоритмдер сызықтық деп аталады, бұл жерде командалар белгілі реттілікпен орындалады.
Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Өз өміріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен, сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба? Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?
Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт жаңбыр басылды болып табылады. Егер шарт ақиқат болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт жалған болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады.
Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын егер және онда сөздері шарт деп аталады. Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін ,