Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектептің саз пәні мұғалімі
Жексенгулова Куляш
Оркестрмен тілдескен дирижер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Композитор шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, Ақ көгершін әнін үйрету.
Тәрбиелілігі: Музыка өнері дамуының түп негізі ретінде халық музыкасына құрметпен және сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу, ойлау, музыканы түсіне білу дағдысын дамыту.
Оқу нәтижесі: Композитор өмірі мен шығармашылық жолдары туралы түсінік алып, әндерімен танысады. Қарым - қатынас орнайды, бір - бірін тыңдауға, бірігіп жұмыс жасауға үйренеді, ой толықтырып, білімдерін дәлелдейді.
Педагогикалық технологиялар: СТО элементтері, топтық жұмыс, миға шабуыл, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс.
Қажетті ресурстар: Аспаптар, музыкалық орталық, маркер, кесте, сызбалар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру: Біз бастаймыз сабақты,
Күй тыңдаймыз күмбірлі.
Ән айтамыз сызылтып,
Би билейміз ырғақты.
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
1 - до тобы, 2 - ре тобы, 3 - ми тобы.
II. Үй тапсырмасы:
1 - топ - Қандай опера әншілерін білесіңдер?
2 - топ - Н. Үсенбаева қандай шет елдерде өнер көрсетті?
3 - топ - Әнші қазақ операларындағы қандай бейнелерді сомдады?