Қандай жарқын жырларың

Скачать

№ 4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбиеші: Ергебек Ж.

Жаңа жылым тамаша (0 сынып)

Жаңа жылым тамаша!
Ертеңгілік іс - шараның тақырыбы: Жаңа жылым тамаша!
Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, ертегі еліндегі түлкі тапсырмасын орындау арқылы, жұмбақтар шешу, жаңа жылдық тақпақтар айту, қимылдық ойынды ата - анамен бірге ойнауға, геометриялық пішіндерден шырша мен аққала бейнесін құрастыра білуге, түстерді тану, тіл байлығын, сөздік қорын, көркемдік талғамын, ой - қиялын дамыту, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Ортаға 0 В сынып оқушыларын қарсы алайық.(жаңа жылдық әуенмен балалар ортаға шығады.)
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті жиналған ата - аналар, тәрбиешілер және балалар! Сіздерді келе жатқан Мешін жылы, жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қош келіпсіздер Жаңа жылым тамаша! кешімізге.

Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

Ән: Аппақ, аппақ жапалақтап.
Жаңа жыл кешімізге арнап Гүлназ бен Сымбат қыздарымызды Қызыл телпек биіен қарсы алыңыздар!
Тәрбиеші: Тапсырма: Пішіндердің түсін, пішіннен, не құрастыруға болатынын білмеймін!
Балалар: Пішіндер дөңгелек, үшбұрыш, түстер ақ пен жасыл.
Ақ түстен үлкен – кіші шеңберден аққала жасауға болады.
Жасыл түс үшбұрышты пішіннен шырша құрастыруға болады.
Тәрбиеші: Жаңа жыл кешіне кіру үшін алдарында әр түсті жол жатады түстерін айтып үстінен басып өтеді.(Ақ, көк, сары, жасыл, қызыл)
Жолда кедергі үйілген қар жатады.

Қимылды ойын: Қар тасу ( Екі ата - ананы шақыру) балаларға көмек беру.
Ойын шарты: Екі ыдыстағы қарды, екі бос ыдысқа тасу.
Тәрбиеші: Міне, балалар біздер ата - аналар көмегімен Жаңа жыл кешіне келдік.
Ортаға 12 жыл шығады. Ата - аналар жылдарды ретімен орналастырады.
Ескі жыл келіп балалармен қоштасып, Жаңа жыл Мешінмен таныстырып кетеді.
Тәрбиеші: Жаңа жыл қош келдіңіз, төрлет төрімізге Жаңа жыл елімізге, жерімізге, баршамызға құт, береке алып келсін, біздер сізге сенеміз :
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,

Балалар ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Ол үшін Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз дауыстап шақырайық.
Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата Ақшақар.
Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Ау, армысыңдар ма, ұлдарым,
Армысыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің.
Қандай жарқын жырларың.
Асулармен алысқан.
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Кәне, шеңбер құрайық
Шыршаның шырағын жағайық.
Аяз ата: Олай болса, бәріміз бірге:
Раз, два, три Ёлочка гары. 2 рет
Балалар қуанып ду қол шапалақ соғады.


Скачать


zharar.kz