І. Сабақтың тақырыбы: Бөлме жағдайында көшеттер отырғызу.
ІІ. Сабақтың мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің түрлері және көбейту әдістері.
а) Білімділік мақсаты: Әртүрлі бөлме гүлдерін күтіп - баптау.
ә) Дамытушылық мақсаты: Экзотикалық өсімдіктерді күту және көбейту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Үй мәдениетіне, гүл өсіруге баулу, әсемдікті бағалауды, қоршаған ортаны аялауды үйрету.
ІІІ. Сабақтың типі мен түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: демонстрация, жаңа білім беру, сарамандық жұмыс, іскерлік ойын, топтық және өзіндік жұмыс.
Пәнаралық байланысы: өсімдіктану, тарих, әдебиет, қолданбалы экономика
ІҮ. Көрнекілік құралдар, әдістемелік дидактика.
1. Технология 5 2010 ж., слайд - шоу.
2. Пайдалы кеңестер журналы № 1, 2008, 9 бет.
3. Бөлме гүлдері мен құралдар.
Ү. Сабақтың барысы мен мазмұны:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушы білімін анықтау.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сарамандық жұмыс.
5. Сабақты бекіту бөлімі, сергіту сәті.
6. Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.
ҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау. Оқушы білімін анықтау кезеңі.
1. Үй мәдениеті дегеніміз не?
2. Адамды аурудан қорғайтын қандай көкөністер?
3. Бақша өсімдіктерін қалай өсіреді?
4. Бақша өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызы қандай?
5. Тағамдық өсімдіктер тағы қандай жерде өседі?
Қызылорда қаласы, Қалтай Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп - гимназиясының технология пәнінің мұғалімі
Ешпанова Лиза Шиналиевна