Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Жаңақала ауылы, №3 ЖОББҚМ
Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы
Тапқыр достар (зияткерлік ойыны)
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінде таза, сауатты сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға баулу, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: Power - Point презентациясы, интерактивті тақта, парақшалар.
Жүргізуші: - Құрметті көрермендер, тіл жанашырлары, ұстаздар!
Бүгінгі Тапқыр достар атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар: Ойынға 3 топ қатысады.
1. Тапқырлар тобы.
2. Алғырлар тобы.
3. Жас ұлан тобы.
Жүргізуші: - Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қалып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-
- деп ойын кезеңдерімен таныс болайық:
1) Топтар өздерін таныстырады;
2) Сөз тапқанға қолқа жоқ
3) Ойлы болсаң озып көр
4) Кім жүйрік?
5) Тауып көр.
Ал енді ойынымызды бастайық. Бірінші айналым Таныстыру
Екінші айналым Сөз тапқанға қолқа жоқ... (тұрақты сөз тіркестері). Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады деп А. Байтұрсынов атамыз айтқандай, көнерген сөздерді ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу үшін, біз әрдайым жадымызда ұстауымыз керек. Сондықтан, бүгін сіз - біз болып көнерген сөздердің мән мағынасын ашып көрейік.
1.
Түлкі
Мысық
Ит
(арқасы қиянда)
2.
Айы
Күні
Жұлдызы
(қарсы)
3.
Күрек
Жүрек
Тырна
(жалғау)
4.
Атқа
Сиырға
Тайға
(таңба басқандай)
5.
Қабақ
Жаңбыр
Нөсер
(жауды)
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,
- деп келесі кезекті Ойлы болсаң озып көр... бөліміне берейік. (Әр топ әріптер таңдап, сол бойынша сұраққа жауап береді (О, Ж, К, А, Т, Қ, Е, М, С.) Уақыты 1минут.
1 - топ.
1) Атың кім?
2) Ердің атын кім шығарады?
3) Өзен көркі не?
4) Аспанда не бар?
5) Сөз атасы не?
6) Жердің сәні не?
7) Сенде құлақ бар ма?
8) Тіл тас жарама?
9) Бала тілі бал ма?