Тақырыбы: Шай үстіндегі физика
Сыныбы: 8
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақ типі: Қайталау сабағы
Мақсаты: Жылу құбылыстары тарауын, конвекция, диффузия құбылыстары, меншікті жылу сыйымдылық, қайнау, булану, кебу, капиллярлық құбылыстар, қысым тарауын қайталау сабағы болып табылады.
Шай үстінде кездесетін физикалық құбылыстарға тоқталу, олардың анықтамасын беру, тәжірибе жасау.
Викторина немесе сұраққа жауап беру арқылы өтілетін сабақ түрі оқушыларды қызықтырады және ынталандырады. Осы мақсатпен 8 сынып оқушылары арасында Шай үстіндегі физика атты ашық сабақ өткізу. Ол үшін алдын ала бір сынып бөлмесі даярланды. Бөлме ортасында үлкен үстел, ал үстел үстінде ортада қайнап тұрған үлкен самаурын. Самаурынның жан жағында стакан, табақ, қасық, пышақ, қант, кесілген нан қойылған. Әр затқа сұрақ жазылған, кеспе қағаз байланған. Мысалы, самаурынның құлағына неге самаурын шуылдайды? деген қағаз байланған, сол сияқты барлық заттарға да карточка байланған.
Оқушыларды үстел басына шақырып, орналасқаннан кейін әңгіме жалғасады.
Сабаққа керекті құралдар - жабдықтар:
Шай ішуге арналған ыдыс - аяқ, пышақ, қайрақ, ас үйге арналған сүлгі, алжапқыш, су, самаурын немесе шайнек, аққұман,
Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу сабаққа назарларын аудару
Сабақтың мақсаты туралы, түрі туралы айтып өту.
Сергіту сәті бүгінгі сабаққа Бата беру
Үй тапсырмасы:
Алдымен алдын - ала ізденіп дайындалуға берілген тапсырма бойынша Макка Сәндібек Шайдың шығу тарихы туралы айтады.
Шайдың Отаны – Қытай болып есептеледі. Тарихи мәліметтер бойынша ең алғаш шай шөптері Қытайда ашылып, осы елде қолданған. Қытай еліне саяхатқа барған туристер Ұлы қытай қабырғасынан күннің шығу құбылысын ғана тамашалап қоймайды, сонымен қатар шай өсіру алаңдарын аралап, шай дайындаудың ежелгі әдістерімен танысып, қытай шайынан дәм татады. Қытайдың оңтүстік батысында орналасқан Сычуан провинцисы орталығы Чэндуден батысқа қарай 130 км. жүріп өтсе табиғи сұлулық шыңын көруге болады. Бұл Қытайдағы шай өндірісімен әйгілі - Мэншан тауы болып табылады. Мэншандағы шай өсірудің екі мың жылдан астам тарихы бар. Аңыз бойынша Мэншан тауына жақын жерде тұратын У. Личжэнь деген бір кісі жабайы шайдың дәрілік және сергектік қасиеті бар екенін анықтайды. Сөйтіп ол осы шай өсімдіктерін өсіре бастайды. Мэншан тауында ауа райы ылғалды, тұман болып келеді, табиғаттың осы күйі шай өсіруге өте ыңғайллы екен. Қытайлықтар: Әлемде шай отаны болып – Қытай табылады, ал Қытайда шай отаны болып Мэншан тауы табылады.
Қытайлықтар шайды өте жақсы көреді, әсіресе көк шайды. Шай ішу - әрбір қытайлық адамның өмірлік өзгермес режимі. Бұл сусын шаршауды, әлсіреуді азайтады, адамды сергітеді. Көк шайды қатерлі ісік ауруының алдын алуға пайдаланады.
Мэншан тұрғындары келген туристерге шай туралы көбірек айтуға, шай дайындаудың ерекшеліктерін, шай әзірлеу кезіндегі шеберліктерін көрсетуге тырысады. Шай дайындаудың құпияларын өз көздерімен көріп, үйренеді. Шай өндірісі өте күрделі процесс. Бұл жерде негізінен жұмыс қолмен атқарылады. Дәм тату процесі (дегустация) кезінде қытайлықтар шай шығарудың ережелерін бұлжытпай орындауды талап етеді. Судың температурасына аса мән беріледі. Ол шамамен 85С болу керек.
Мұғалім: Біз әр түрлі заттармен күнделікті өмірде жиі кездесеміз, бірақ олар туралы, олардың қасиеттері туралы толық біле білмейміз, сондықтанда осы қасиеттермен қазір жақсылап танысайық. Алдарыңыздағы қағаздарды алып, өз ойларыңды айтуға болады.
Дайын болған оқушылар: Қол көтеріп, рұқсатпен кезектесіп жауап береді.
1. Қайнар алдында шайнек неге шуылдайды?
(Судың температурасы жоғарылай бастағанда судың ішінде кішкене көпіршіктер пайда болады, бұлар судың ішіндегі еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шыға бастайды, ауа көпіршіктерінің ішінде су буы бар екенін білеміз, температура артқанда, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейеді. Оларға сұйық тарапынан әрекет ететін Архимед күші де артады. Сөйтіп көпіршіктер жоғары қарай көтеріледі, тап осы кезден шу, ызыл пайда болады. Осылайша көпіршіктер ұлғайып, судың бетіне шығып жарылады, яғни су қайнайды.)
2. Орта самаурынға қарағанда, неліктен толық самаурыннан тез толтыруға болады?
(Себебі: сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы сұйықтың биіктігіне байланысты
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебінің
Физика пәнінің мұғалімі: Амантурлина Венера Амантурлиевна