Қадірменді ұстаздар, ата - аналар

Скачать

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар!
Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.

Биылғы жылдың ерекшелігі - ҚР білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада баршамызға білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктелді. Сондай - ақ, мемлекеттік бағдарламада педагог беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінген. Еңбекақыны өсіру, мұғалімнің имиджін арттыру, біліктілігін көтеруге іс - шаралар жоспарланған. Өткен оқу жылы - алға қойылған міндеттердің нақты іске айналып, жетістіктерге толы табысты жылы болды деп есептейміз.

Биыл жаңа оқу жылын 1274 оқушымен, 61 класс компонентімен бастағалы отырмыз. Былтырғы оқу жылын 1214 оқушымен аяқтаған болатынбыз. 1 - 11 класс аралығында 89 оқу озаты, 450 оқу екпіндісі болды. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 49, 4% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда (1, 5%) өсім бар.

Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі - бұл мектеп түлектерінің ҰБТ - дегі көрсеткен білім деңгейі. ҰБТ - леуге қатынасқан 50 түлектің барлығы да жоғары балл жинап, сол күні студент атанды десек те болады. 12 түлек 100 - ден жоғары балл жинады. 28 түлек 80 - нен жоғары балл жинап, жоғары көрсеткішке ие болды. Қазіргі таңда анықтағанымыздай 35 түлек жоғары оқу орнына, 15 колледжге қабылданып, 4 түлек білім гранты иегері болып танылды. Өткен оқу жылында мектеп орта балы 74 болса, орта балл 86 - ға көтерілді.

Білім ордасының қай - қайсы да білікті маман - кадрлармен ерекшеленеді. Мектеп ұжымында 110 мұғалім бар. Оның 2 - і ҚР Білім беру ісінің үздігі, 7 - і жоғары санатты, 20 - сы І санатты, 37 - і ІІ санатты мұғалімдер. Кадр тұрақты. Барлық пән мұғалімдері жеткілікті.

Мектептің материалдық - техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалануға ерекше мән беріліп, мұғалімдер аудио - кешенді оқу құралдарын пайдалануға қол жеткізіп отыр. Биыл мектепке бастап жаңа үлгіде жасақталған биология кабинеті алынуда. Сондай - ақ 1 мультимедиялық, 1 лингофондық кабинеттеріміз бар. Кітапхана қоры жеткілікті.

Мектепте биыл тереңдетілген сыныптар саны артып, 5 кластан математикадан, 7 кластан физикадан, сондай - ақ бастауыштан 1 - 4 кластан гимназия класстарын ашып отырмыз. Мұндай кластар санын арттыру - білім сапасының жоғарылауына оң әсерін тигізеді. Жаңа оқу жылына алған міндеттердің ішінде ата - анамен жұмыс деңгейін жаңа сатыға көтеру мәселесі қойылды. Бұл бағытта танымы мен тағылымы мол шараларды көптеп өткізуді жоспарлап отырмыз. Ата - анамен бірлескен жұмыс жолға қойылмай, тәрбие бағытындағы жұмыстардың ілгерілеуін көруге болмайды. Қазіргі кезеңде оқушылардың арасында құқық бұзушылық жайттардың жиі кездесуі, әр түрлі діни ағымдардың жетегінде кетіп, еркінен айрылуы, біздің менталитетімізге жат теріс еліктегіш қасиеттердің бой көрсетуі белең алып келеді. Бұл тұста әрбір педагог, әрбір ата - ана, психолог тарапынан бірлескен тұрақты жұмысты жедел түрде қолға алуымыз қажет. Бұлар еліміздің келешегі, ертеңі. Сондықтан олардың бойындағы болашаққа сенім, үміт, оптимистік көзқарас ұялату - баршамыздың парызымыз.

Абай атамыз: Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы - ұстаз деген атаққа әрқайсың да лайық болыңыздар, қымбатты ұстаздар!

Қадірменді ұстаздар, ата - аналар! Биылғы жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі - мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің қадамы еліміздің 26 жылдық торқалы тойына тұспа - тұс келіп отыр. Бұл да есте қаларлық жағдай. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы - оң, қадамы құтты болсын!

Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа сертін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО - ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата - аналар.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.

Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Тағы да құттықтау, тілектер:






















Скачать


zharar.kz