Жол ережелері қалашығына саяхат 1 - 4 сыныптар арасында
Іс - шараның аты: Жол ережесін білу - бәріне міндет
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз мектебіміздің Жас Қыран ұйымының ішінен құрылған Бағдаршам клубының жетекшісі және мүшелерімен бірге сіздерге жол жүру ережелер қаласына саяхат жасамақпыз. Жол ережелер қаласындағы алдымыздан шыққан кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек. Сондықтан мұқият болыңыздар.
Жол жүру қалашығы. Бұл жерде қалашық туралы қысқаша мәлімет аламыз.
- Ендеше, балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіздер?
- Көшеде жүру тәртібі
- Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?
Плакатқа жол белгілері деп жазып қою керек, жол белгілеріне нелер жатады ,- деген сұраққа жауап алу арқылы оқушыларға жаздыру.
жаяу жүргінші тротуар
жол белгілері
машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар
Бағдаршам қалашығы. Қалашыққа қысқаша тоқталамыз.
Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
- Иә, балалар, олай болса, ортаға Бағдаршамымызды шақырайық. Ол кісінің сіздерге айтары бар шығар. Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.
Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі сізге қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге болыңыз!
Жүргізуші:
- Сонымен балалар, біздер Бағдаршамның алдында ол туралы білетіндерімізді ортаға салайық. Сіздерді тексерейін. Жауабын кім айтар екен?
Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар. Қызыл, Сары, Жасыл
- Қызыл көзі нені білдіреді?
- Сары көзі нені білдіреді?
- Жасыл көзі нені білдіреді?
Жүргізуші: Балалар, олай болса, ойын ойнап жіберейік, қолымыздағы белгілерді бағдаршамның қай белгісі кезінде болатынын анықтап, бағдаршамның сол көзінің жанына барып тұралық.
Қызыл
Сары
Жасыл
Реттеуші қалашығы
Жүргізуші: - Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Иә, Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.
Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.
1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла, балалар!)
2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады)
3. Сымға асылып, жүр асығып. (троллейбус)
4. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? (Өрт сөндіру - 01, жедел жәрдем - 03 МАИ - 02)
5. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі?( алдан түсіп, арттан мінеді)
Алматы облысы, Балқаш ауданы,
Бірлік орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
педагог - ұйымдастырушысы Мамырова Карлыга Калкамановна