Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Жемістер .
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің суреттері, муляж.
Сөздік жұмыс: жеміс, алма, шие, өрік.
Қостілділік компонент: алма – яблоко.
Ұйымдастыру - қозғаушы қызмет:
- Балалар бүгін біздің тобымызға көп қонақтар келіпті, кәне барлығымыз шаттық шеңберің құрып сәлемдесіп алайықшы.
Балалар:
Амансың ба, Алтын күн,
Амансың ба, Жер - ана,
Амансың ба, достарым,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, орындарына отыра қойыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз, күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күздің неше айы бар?
Балалар: Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Тәрбиеші: Олай болса, біздің ұйымдастырылған іс - әрекетіміздің тақырыбы: Жемістер .
Тәрбиеші: Балалар, күз мезгілінің ерекшеліктер: Күздер күн салқындап жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жемістер мен көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Үстімізге жылы киімдер киеміз.
Тәрбиеші: Балалар, жаңа айтып өттік, жемістер мен көкөністер піседі деп, ал жемістер қайда өседі? Жемістерге нелер жатады? Қане, бәріміз жемістерді аттайықшы.
Балалар: Алма, Алмұрт, Өрік, Шабдалы, Жүзім бұлардың барлығы ағашта өседі. Бұлар – жемістер.
Тәрбиеші: Балалар, сендер жемістер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Қане, кім айтады?
Алма:
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Өрік:
Өрік деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.
Шие:
Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Тәрбиеші: Ал, ендеше, балалар, тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрайықшы (Балалар сурет бойынша жемістердің аттарын айтады).
Тәрбиеші: Балалар енді барлығымыз орнымыздан тұрайық, бойымызды сергітіп алайық.
Балалар:
Жапырақтар соғады ду - ду - ду,
Қатты - қатты жел соғады гу - гу - гу.
Құйын келіп билейді зу - зу - зу,
Жел ұлиды у - у - у.
Селтетпе сәт: Топ ішіне Алтын күз ханшайымы кіріп келеді.
Алтын күз ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Балалар, Сендер мен күз мезгілі екенімді қайдан біліп қойдыңдар?
Балалар: Сары жапырақтарыңыздан және қолыңыздағы себеттегі жемістерден.
Алтын күз ханшайымы: Ал ендеше тәрбиеші апай балаларыңыздың білімдерін тексеріп көрейік.
Алтын күз ханшайымы жемістерді көрсете бастайды. Балалар жемістердің аттарын дұрыс айтып береді.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, барлығымыз Күз ханшайымымен бақшамызға барып Кім жылдам ойының ойнайық.
Балалар ағаштағы жемістерді жинап себетті толтырады. Шапшаңдықтарын арттырады.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Күз мезгілінде жапырақтың түсі қандай түске боялады екен?
Балалар: Сары.
Тәрбиеші: Бізге қонаққа кім келді?
Балалар: Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Балалар сендерге көп - көп рахмет! Сендер бүгінгі Жемістер атты іс - әрекетке өте жақсы қатысып өз білімдеріңді көрсете біліңдер дей отырып күз берекелі астықты болсын демекпіз.
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,
Қарауыл ауылы, Балдәурен ясли - бақшасының
Тәрбиешісі Тайгулова Алмагүл Қыдырғалиқызы