Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Математика 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұзындық. Өлшеу және салыстыру
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
1. 1. 3. 1. ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді.
1. 1. 3. 3. ұзындық (см, дм), масса (кг), көлем (сыйымдылық) (л), шамаларының өлшем бірліктерін салыстырады.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Диалогке қатысады, мұғалімнің көмегімен кесінділердің ұзындықтарын өлшей алады. Тиісті сандық теңсіздіктер құрастыра алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шамаларды ажырата алады. Оларды өлшеу үшін құралдарды таңдай алады, өлшемдер жүргізе алады. Қойылған сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып, кері байланыс жасай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Шамаларға қатысты амалдарды орындай алады.
Бағалау критерийі:
1. Ұзындықты өлшеп салыстырады.
2. Тиісті сандық теңсіздіктер құрастырады.
3. Шамалар әртүрлі өлшем бірліктермен берілген жағдайда олардың арасындағы байланысқа сүйеніп бірдей өлшем бірлікке келтіру арқылы салыстырады.
Тілдік мақсаттар Ұзындық, сантиметр, миллиметр, дециметр, сызғыш, метр т. б
Түйін сөздер мен сөз тіркестері: Артық , Кем , Тең Ұзындық , Ұзын , Қысқа
Сыныптағы диалог жазу үшін пайдаланылатын тіл: қазақ тілі
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ұзындықты қалай өлшейміз?
Өлшеуіш деген не?
Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата?
Бұрынғы кезде ұзындықты немен өлшеген?
Қазіргі кезде ұзындықты өлшеу үшін қандай құралдар қолданылады?
Жаңаөзен қаласы, 12 бастауыш мектеп
Мұғалімнің аты - жөні: Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы