Дұрыс сөйлемді тауып, сөйлем мүшесіне талдау

Скачать

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы

Сабақтың тақырыбы: Кең байтақ Қазақстаным
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларды пікір айта білуге қосымша материалдардан ізденуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.
2. Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың сайлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
3. Отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, қолдауға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Түрі: Кіріккен сабақ
әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, талдау, пікір алысу
Көрнекілігі: электрондық оқулық, карта
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ. Кең байтақ Қазақстаным Грамматикасы Анықтауыш

І. Қызығушылығын ояту.
1. Қазақстан туралы мағлұматтар беру.
2. Сұрақ - жауап
3. Картадан. Қазақстан жерлерін көрсету.
ІІ. Мағынаны тану.
1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, түсінгендерін айту.
2. Сөздікпен жұмыс
3. Берілген сөз тіркестерін мәндес сөздермен түсіндіру.
ІІІ. Талдау - табыс кілті.
1. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын
анықтау. Дұрыс сөйлемді тауып, сөйлем мүшесіне талдау.
ІҮ. Анықтауышқа анықтама беру
4 тапсырма Сөйлемдерден анықтауышты тауып, сұрақ қою.
Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен. Сарыарқа - Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды. Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы болып есептеледі. Мұнда әйгілі Марқакөл бар. Қазақстанның мұнай өндірісі осы өлкеде дамыған.
Ү. Сурет көрсету. Түрлі - түсті сурет көрсетіледі, сол суреттен сын есім болатын 10 сөз табу.
ҮІ. Ұлыдан - ұлағат. 1. Берілген мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
1. Отан отбасынан басталады.
2. Ел - елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
3. Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
2. Берілген сөздерді бос ұяшыққа тышқанның көмегімен тасымалдап апарып орналастыру.
ҮІІ. Сабақты бекіту. Дискуссиялық карта бойынша Иә, жоқ
1Қазақстан тәуелсіз мемлекет
2. Жер көлемі жағынан нешінші орында
3. Қазақстанда 14 облыс, 45 қала бар.
4. Қазақстан Қытай, Иран мемлекеттерімен шектеседі.
5 Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды.
6. Жер көлемі 2, 7 млн шаршы шақырым.

ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма беру. Менің елім тақырыбына шығарма жазу.


Скачать


zharar.kz