Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,
А. Навои атындағы №13 жалпы орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Абдикаюмова Нодира Абдирахимовна
Сабақ тақырыбы: Атом құрылысы. Изотоп.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетінше элемент атомдарының структура формулаларын жазуларына, электрон, протон, нейтрон сандарын тауып, электрон формулалары бойынша элементтерді анықтауларына қол жеткізу.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері.
Білімділігі: Атом құрылысы және изотоптар туралы мәліметтер беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың еркін пікірлесу, логикалық ойлау, зерттеу және қорытынды шығару қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: элементтердің адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап, интерактив
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың көрнектілігі: Оқу құралдары, периодтық жүйе.
1. Цифровой образовательный ресурс (электронный учебник “Неорганическая химия”) МарГТУ, 2008г. Лаборатория мультимедиа. Ресурс сайты: eor. edu. ru.
• модуль “Атомная гипотеза. Основные сведения о строении атомов”;
• модуль “Тренажер состав атомных ядер”- 1.
• модуль “Тренажер состав атомго ядра”- 2.
• Бейне материал “История открытия строения атома, опыты Резерфорда”;
• Бейне материал ”Строение атома”
•
Жаңа түсініктер:
• Элементар бөлшектер
• Нуклондар
• Электрон
• Протон
• Нейтрон
• Электрон қабаттар
• Электрон бұлттар
• Изотоптар
• Электрондық деңгейшелер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
(сәлемдесу, зейін аудару жаттығуы, түгендеу, сабаққа дайындық жасау.) (3 мин.)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
(сұрақ - жауап, карточка,) (7 мин.) Деңгейлік тапсырмаларды тексеру критериясы:
III Ой қозғау кезеңі:
Проблемалық сұрақ: Атом сөзінің мағынасы қандай, егер ол бөлінбейтін болса электрон, протон, нейтрон қандай бөлшектер?
- Осы сұрақтарға бүгінгі сабақта сіздермен бірге жауап табамыз,- деп жаңа сабақ тақырыбы және мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.
IҮ Жаңа сабақты меңгерту:
Оқушыларға атом құрылысының ашылуы тарихын модуль арқылы қысқаша түсіндіру, қызығушылықты ояту.
Модуль “Атомная гипотеза. Основные сведения о строении атомов”; (3мин.)
Түсінік: Резерфордтің атом құрылысы бойынша ғылыми негізімен таныстық. Осы тәжірибе негізінде атомның планетар моделі жаратылды.
Бейне материал “Строение атома и ядра” (2 мин.)
Түсінік: атом ядросы плюс зарядталған протон, зарядсыз бөлшек нейтроннан тұрады. Ядро айналасындағы электрон қабаттарда минус зарядталған электрондар болады.
Атом құрылысы: (схема слайды көрсетіледі, оқушылар дәптерлеріне схеманы сызып алады) (15 мин.)
Изотоптар туралы мәлімет беру. Бір элементтің реттік нөмірлері бірдей, бірақ атом массалары түрлі болған атомдар түріне изотоптар деп аталады.