Отанға деген сүйіспеншілікті шығарма жүзінде ашып көрсету

Скачать

Мақсаты: Қазақстан – Отанымды дәріптеу, Тәуелсіздігімізді қастерлеу, Отан сөзінің мән - мағынасына тоқталу.
Міндеті: Отанға деген сүйіспеншілікті шығарма жүзінде ашып көрсету.
Менің Отаным – Қазақстаным

Біз әліппені оқып бітірдік. Әр әріпті оқи отырып, оларға сөздер, сөйлемдер құрып үйрендік. Мысалы, О әрпіне келгенде, көп сөздер іздедік: Отан, отбасы, оқу, оқымысты, отағасы, от, отау т. б. Біз өзіміз де теледидардан Нұр Отан , Отау ТВ деген сөздерді жиі естиміз.

Мұғалім еліміз туралы түсіндіріп, көп айтты. Және бізге де көп сөздердің мағынасын үйретуде. Өзіміз де үй - іші адамдарынан үйреніп жүрміз.

Мен білемін: Қазақстан өз алдына жеке мемлекет, жері, байлығы, өз Туы бар. Әнұран да Менің Қазақстаным деп аталады. Менің өзіме жақын, таныс адамдардың, сыныптастардың, бәріміздің де Отанымыз – Қазақстан деп түсінемін.

Мектеп дәлізінде де Ту суреті бар, біз қызықтайтын әртүрлі суреттер ілулі тұр.
Менің айналамдағы адамдар, түгеліміз бір Отанда тұрамыз. Әрқайсымыз бір Отанымыздың мүшесі саналамыз. Ата - анамды, ата - әжемді, бірге туған бауырларымды, туған - туыстарымды жақсы көремін. Сыныптастарым да ұнайды. Әрдайым мұғалім де, жақындарым да Отанға деген сүйіспеншілік отбасыдан басталады,- дейді.

Ал ең үлкен Отанды – Қазақстан дейміз. Біз туған жер, туған ел, туған өлке деген сөздердің де мәнін үйрендік. Бұлар да біз түсінетін сөздер. Қай жерде тудың, қай жерден келдің, қайда тұрасың? - деген сөздерді жиі естиміз.

Ал менің тұратын жерім – Жезқазған. Жезқазған қаласы Қарағанды облысына қарайтынын білдім. Ал Қарағанды қаласы - облыс орталығы. Ол бізден алыс, оған пойыз қатынайды. Ұшақ та ұшады екен. Бірақ елдің көбі пойызға мінгенді жақсы көреді екен. Өзім де жазда пойызбен қыдырып келдім. Сонда көрдім: қай жаққа қарасаң да созылып жатқан кең дала.

Орындаған: Мұрат Еркеназ
Қабылдаған: Гүлмира Серікбайқызы


Скачать


zharar.kz