Жүргізуші: Даламызға, қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға,
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Сәнді шырша шақырады,
Шырша жырын жырлаңыздар!
Келіңіздер, келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.
Хор: Орманда шырша туыпты
Жүргізуші: Балалар, жаңа жыл шыршасы көңілсіз болып тұр ғой, кәне бәріміз бірге жағайық
Қуантып бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат 3 рет
Ән: Қошақаным (Орындайтындар: Дамира, Айзере, Альбина)
Тақпақтар:
Айзере: Тамаша, тамаша.
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Ердиас: Боранымен белді буып,
Жаңа жылым тағы келді
Берекесін ала келсін
Нұрға бөлеп біздің елді.
Бақытнұр: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
Әлішер: Жаңға жыл, Жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп.
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Еркеназ: Келеді деп жаңа жыл,
Қоян қасқыр досым бар.
Жиналыпты осында,
Кел, кел Жаңа жыл!
Темірұлан: Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге сыйлық берсе екен.
Әділет Н: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Олжас: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
(Тақпақтарды айтып болған кезде, есікті қағып Ақшақар келеді.)
Ақшақар:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын. Аяз атаның
немересімін. Мен сонау қар патшасынан келдім. Орманда күн суық, даланы қар басқан. Сендерге келе жатқанымда Аяз ата сәлем айтып жіберді. Көп кешікпей өзі де кеп қалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Аяз ата келгенше ән салып, би билейміз.
Қане, балалар, мені мұқият тыңдаңдар! Мен жұмбақ жасырамын, сендер шешуін айтыңдар.
1. Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы - жазы тау жақта. (Қар).
2. Жасыл ине киімім,
Жайлайтын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңіздемін үйіңнің. (Шырша).
- Балалар, сендер менің жұмбақтарымды тез және дұрыс шештіңдер. Енді шыршаны
айналып ән салып би билейік.
Жүргізуші: Балалар, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шыршаны айналып әнімізді айтайық.
Хор: Зырлайды шанамыз
(Осы кезде есік қағылады).
Ақшақар: - Бұл кім екен? Ә, балалар, бізге қонақ келді, кім екенін менің жұмбағымды шешу арқылы табасыңдар. Қане, жұмбағымды шешіп көріңдер.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны. (Аққала).
(Осы кезде Аққала келеді).
Ақшақар: - Төрлет, қош келдің, Аққала! Кел екеуміз Аяз ата келгенше балаларды көңілдендіре тұрайық. Келесі жұмбақты сен жасыр.
Аққала: Қыста – ақ,
Жазда – сұр. (Қоян).
(Ішке қоян кіреді).
Аққала: - Балалар, қоян сондай көңілсіз, сірә, мерекеден кешігіп қалдым десе керек, жүріңдер қоянды ортаға алып, ойын ойнап, би билейік.
Қоян: Балалар, мен сіздерден көмек сұрағалы тұрмын. Мені осы мерекеге жібермеймін,- дейді сұр қасқыр, содан қашып қорқып келемін.
Ақшақар: Ал, қояндар, қорықпаңдар, бәріміз бірігіп тірлік жасайық. Бірлік түбі – тірлік, тірлік түбі - мереке деген, мерекемізді жалғастырайық. Қане, қояндар өз өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би: Қояндар биі.
Жүргізуші: Балалар, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шыршаны айналып әнімізді айтайық.
Хор: Аппақ, аппақ жапалақтап .
Ән: Анашым (Орындайтын: Бақытнұр)
Тақпақтар:
Әли: Төрлет, қане Жаңа жыл,
Үлестір құт береке.
Көп қуаныш ала жүр,
Көп болсыншы мереке.
Әбубәкір: Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Нұршат: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі де әзір.
Кел, Жаңа жыл біздерге,
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл.
Альбина: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Бейбарыс: Жасыл шырша қош келіпсің,
Сені аңсап жүрдік біз.
Өлеңмен жаңа жылды,
Қарсы алуға келдік біз.
Олжас: Жасыл шырша жанында,
Ойнап күліп қайтамыз.
Жасыл шырша жанында,
Өлеңді де айтамыз.
Әділет Қ.: Жасыл жилен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Нұрали: Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа нұр.
Ата - әже, әке - ана,
Құтты болсын жаңа жыл!
Ақшақар: Қонақтарымыз болса жиналды, шыршамыз болса дайын, ал Аяз атамыз болса әлі жоқ.
Жүргізуші: Ақшақар, сіз мұңаймаңыз, қанекей бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.
Аяз ата кел, кел!
Жүргізуші: Армысыздар халайық,
Әсем әнге салайық.
Айтпас бұрын ән жырды,
Біздер Аяз атамен,
Амандасып алайық.
(Барлығы хормен) Амансың ба, Аяз ата! Хош келдіңіз ортамызға.
(Осы кезде Аяз атамен бірге қой жылы келеді).
Аяз ата: Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден саулығың.
Жүргізуші: - Балалар, Аяз атамызбен қонақтарымызға әдемі шыршамыздың жанында ән салып, би билеп, өз өнерлерімізді көрсетейік.
Аяз ата: Құтты болсын жаңа жыл,
Айналайын балалар!
Қалтам толы сыйлыққа,
Базарлығым тағы бар.
Ән салып, би билегенге,
Әкелген көп сыйым бар.
Ақшақар: Аяз ата, менің де сізге арнаған сыйым бар, кішкентай сіңлілеріммен бірге би билеп береміз.
Би: Ұлпа қарлар биі.
Жүргізуші: Балалар, бәріміз шыршаны айналып, Аяз атаға арнап Аяз ата әнін шырқайық.
Хор: Аяз ата .
Жүргізуші: Балалар, Аяз атаға өз өнерлерімізді көрсетіп қуантайық.
Тақпақтар
Ілияс: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Мұстафа: Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Зейнеп: Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Меруерт: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Жандос: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Айым: Ақ қырауға малынып,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Темірұлан Т.: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны - ай,
Кесіп алсам шіркін - ай.
Жүргізуші: Бишілерде өнер көп,
Билейді биді өнермен.
Жігіттеріміз билейді,
Сайқымазақтар биін әсемдеп
Би: Сайқымазақтар
Жүргізуші: Жаңа жылдық кеште,
Көтереміз көңіл біз.
Түсіреміз біз еске,
Ертегілер елін де.
- Міне, балалар, ертегілер әлеміне де келіп қалдық. Жеті лақ ертегісін
тамашалайық.
Олжас: Апатай - ау, апатай,
Таяп қалды жаңа жыл.
Әзірлейік ән мен жыр, мә - мә!
Бақытнұр: Сен орманға барсаңшы,
Сыйлық таңдап алсаңшы, мә - мә!
Ілияс: Біз баламыз әркез сақ,
Әкел бізге көп моншақ, мә - мә!
ӘділетН.: Ақ моншақты тағайын,
Сауық, сайран салайын, мә - мә!
Айзере: Апатай - ау, апатай,
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз, мә - мә!
Темірұлан: Келіп қалды Аяз ата,
Би билеп, ән салайық, мә - мә!
Әбубәкір: Жаңа жылға қатысып,
Сыйлық алғым келеді.
Орманға тез барсаңшы,
Аяз атаны алып келсеңші, мә - мә!
Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,
Орманға мен барайын.
Сыйлық таңдап алайын,
Сақ болыңдар әркез тек.
Қасқыр келіп қалмасын,
Тойдың шырқын алмасын.
Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.(Барлығы бірге)
Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды тапсырып, сыйлық алуға орманға шықты.
(Сол кезде Ақшақарды кездестіреді.)
Ақшақар: Жасыл шырша орманда,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншықты балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Ешкі: Тектен - текке тұрмайын,
Жаңа жылға біз дайын.
Лақтарыммен бірге,
Шырша әнін жырлайын.
Жүргізуші: - Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шақыруға бет алады.
Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,
Есікті аш, қарақтарым.
Мамаң келді орманнан,
Аяз атадан сыйлық әкелді.
Ешкі: - Ей, сұм қасқыр, тиме менің лақтарыма!
Ақшақар: - Қасқыр, сен оданда бізбен бірге жаңа жылдық мерекені тойлауға бірге жүр.
Қасқыр: Жарайды, жаңа жылдық мерекені қалайша тойламай отырайын. Сіздер мені ерітесіздер ме?
Ақшақар: Әрине, енді сен бұдан былай жамандық жасаушы болма.
Жүргізуші: Осылай барлығы керемет көңіл күймен орманға жаңа жыл мерекесін тойлауға аттанады.
Хор: Көрікті шыршамыз .
(Аңдар киімін киген балалар ортаға шығады)
Жүргізуші: Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекемізге ормандағы аңдар түгел келіпті. Оларда Аяз атаға өз өнерлерін көрсетіп, құттықтауға келіпті.
Арыстан: Мен мықты арыстан,
Бекнұр Аңдардың патшасы.
Жауыммен алысқан,
Күл болған қаңқасы.
Аю: Мен балқұмар қорбаңдаймын,
Әділет Қ. Тәтті ұрлауға қорланбаймын.
Омартаны аралаймын,
Аяқ – қолды жаралаймын,
Балға тоймай оралмаймын.
Қасқыр: Мен көкжал қасқырмын,
Бақдәулет Малшыны састырдым.
Аш болсам ұлимын,
Ауылды торимын,
Аңшыдан қорқамын,
Сайлармен жортамын.
Түлкі: Мен түлкімін түлкімін,
Дамира Қоймасымын күлкінің.
Ашық ауыз аңқауды,
Күлкіменен арбаймын.
Мықтымсыған мақауды,
Қулығыммен алдаймын.
(Жиналған аңдар көңілденіп би билейді.)
Тақпақтар:
Кәусәр: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әкелер жаңа жыл,
Мерекені бастаған.
Ұлықпек: Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Жанбота: Кел, достар, бастайық,
Бастайық жыл басын.
Қызықтан бос қалып,
Кей бала қалмасын.
Аяз ата: Ал, балалар, мені өздеріңдей сағынып, алыс жерлерде тағы да басқа балаларым күтіп отыр. Қызымыз екеуміз соларға қарай аттанайық.
Жүргізуші: Ата, көп – көп рахмет сізге! Біз сізге ризамыз. Келесі жыл келгенше балаларды ренжітпейміз және өздеріңізді асыға күтеміз.
Барлық балалар хормен: Біз тілейміз,
Жаңа жылдық шаттықты!
Біз тілейміз,
Жаңа жылдық бақытты!
Жүргізуші: - Сау болыңыз Аяз ата, Ақшақар. Жолдарыңыз болсын! Келе жатқан 2015 жылы денсаулық, елімізге тыныштық, тоқшылық әкелсін және қуанышты табысты жыл болсын! Енді балалар қой жылымен бірге шыршамызды айналып, Жаңа жыл әнімен бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, ата – аналар, осымен шағын орталық тобының жаңа жылға арналған ертеңгілігі аяқталды. Келер жылда кездескенше аман сау болыңыздар!
Шалқар қаласы №5 мектептің
шағын орталық тобының тәрбиешісі
Сатаева Бағдат Алексейқызы
Жаңа жылға арналған тақпақтар: