Тақырыбы: Дыбыс пен әріп. Сөз.
Мақсаты мен міндеттері: 4 - ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;
1. Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның түрлері туралы түсініктерін пысықтау;
2. Дамытушылық: сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік.
Пәнаралық байланыс: музыка, ана тілі
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық(әуенмен)
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты.
2. Топтастыру
Дыбыстар
дауысты
↓
Жуан, жіңішке
дауыссыз
↓
Қатаң, ұяң, үнді
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут
ВВФФ ццхх цуцу веух
Ааа Оооо Ууу
Лава конвейер экватор
Сөздердің мағынасын түсіндіріп көрейік
Жұптық жұмыс
12 жаттығу көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой:
Күрект.. р, Талдық... ған, қауынд.. р, қобызш.., балал.. р, к.. гершін, т... йе, қ.. дық, өр.. к, қ.. с.
13 жаттығу жатқа жаз (өзара тексер, бағала)
14 жаттығу берілген сөздермен сөйлем құр:
Шекара, теңізші, торы ат.
Сызба бойынша жұмыс:
Сөз
↓
Қысқарған, біріккен, қос
Мағынасы жуық
қарама - қарсы
мәндес
20 жаттығу берілген сөздерді екі мағынада қолданып сөйлем құр:
Алма, қой, өкпе, аула.
25жаттығу сөздерді топтарға бөліп жаз:
Айнабұлақ мая - мая асық жілік
26 жаттығу шашылған буындардан адам аттарын теріп жаз.
Сергіту сәті Ойын Сиқырлы тізбек ауызша