Тақырыбы: Алқа тұқымдастары
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды алқа тұқымдастарына жататын өкілдермен таныстыру, оларды белгілері арқылы ажырата білу және көкөністік, дәрілік, сәндік мақсатта өсірілетіні туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Тәрбиелік: өзін қоршаған ортаға қызығушылықпен қарап, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Өсімдіктер неше класқа бөлінеді?
2. Біз сендермен қандай класты оқып жатырмыз?
3. Лалагүл тұқымдастарына жататын қандай өсімдіктерді білесіңдер.
4. Лалагүл тұқымдастарына тән белгілерді ата.
5. Лалагүл тұқымдастарына жататын өсімдіктердің пайдасы қандай?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Алқа тұқымдастарының көпшілігі – жабайы өсетін біржылдық немесе көпжылдық шөптесін немесе шала бұталы өсімдіктер. Олар бұта, ағаш түрінде сирек кездеседі. Бұлардың жер жүзінде 2500 - ден астам түрі, ал Қазақстанда төрт туысқа жататын 23 түрі өседі. Алқа тұқымдастар Америкада, Азияда, шамалы түрде Еуропада тараған. Оның 1200 түрі зерттелген. Алқа тұқымдастардың жапырағы өркен бойына кезектесіп орналасқан, гүл шоғыры шатырша немесе шашақталған. Гүлі 5 тостағанжапырақшадан, бірігіп өскен 5 күлтежапырақшадан, ортасында 5 аталығы және 1 аналығы болады. Жемісі – жидек немесе қауашақ. Алқа тұқымдастары негізінен үш мақсатта өсіріледі:
1. тағамдық: картоп, баклажан, қызан, бұрыш. Олар Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі.
2. дәрілік: итжидек, сасық меңдуана, қара алқа.
3. сәндік жұпар иісті темекі, петуния.
Қызан биіктігі 30 – 40 сантиметрден 5 метрге жететін түкті, өткір иісті бір
жылдық шөптесінөсімдік. Тамыры жақсы жетілген, жан – жаққа жайылып өседі. Түптенгеннен кейін жанама тамырларымен топыраққа мықтап бекиді. Сабағы жиі бұтақталған, сыңғыш келеді, сондықтан жемістері ұлғая келе сынып кетпес үшін қазықтан тірек жасап, байлап қояды. Жапырағытілімделген өркен бойына кезектесіп орналасады. Гүлдері майда, сары түсті шашақ гүлшоғырына жиналған. Аталықтарының саны 5 – 9 – ға дейін болады. Тозаңқаптары – 2 – 3 тен біріккен, аналығы 5 – 8 ұялы. Жемісі көп тұқымды. Шыққан жері Оңтүстік Америка, біздің елімізге 19 ғасырдың 30 – шы жылдарында әкелінген. Қ азақстанның жылы аймақтарының бәрінде өсіріледі. Жемісінің құрамында органикалық қышқылдар, қант, С, Р, В, А, К дәрумендері және лимон қышқылы болады. Жемісін жас күйінде тағамға пайдаланылады, тұздайды, консервлейді, шырын алады. 25 - 28 градуста жақсы көктейді, суыққа төзімсіз. Өздігінен тозаңданады. Біздің республикамызда “Агата”, “Виктория”, “Восток”, “Глория”, “Искорка”, “Колхозный”, “Ақтөбелік - 85”, Талахан – 186 іріктемелері өсіріледі.
Картоп – аса маңызды азық – түліктік және техникалық өсімдіктердің бірі. Шыққан жері – Оңтүстік Американың таулы өлкелері. Ресейге картоп Еуропадан 1 Петр уақытында әкелінді. Ұлы Отан соғысы кезінде картоп миллиондаған адамдардың негізгі тағамдық азығы ретінде пайдаланылады. Картоптың құрамында негізінен су мен құрғақ заттар болады. Құрғақ затарда көмірсу, ақуыз, май, дәрумендер, органикалық қышқылдар, минералдар сақталады. Крахмал қант түрінде кездеседі. Картопты мал бордақылау үшін де пайдаланады.
Картоптың сабағы 60 см биіктікке дейін жетеді, сабағы аздап қана тармақталып, оған жеке – жеке қауырсынды ірі жапырақтар орнығады. Картоптың сабағы мен жапырағын шөп жейтін жануарлар сүйіп жей бермейді. Жаздың орта шенінде жапырақтардың қолтығынан гүл өркендері өсіп дамиды. Гүл құрылысында жасыл түсті тұтасып біріккен бес тостаған жапырақша, қызғыл немесе күлгін, көк түсті бітісіп өскен бес күлтежапырақшалары, аналық мойнының төңірегіне бірге жиналып орналасқан 5 аталық және ұзын мойынды бір аналық болады, өздігінен тозаңданады.
Ұрықтанған түйін өсе бастайды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Түйнек дегеніміз – жер астындағы түрі өзгерген өркен. Оның құрамында крахмал қоры көп жиналады. Ал түйнектк көзшелер болады. Картоп 8 – 10 С жылылықта өнеді. Картопты отырғвзғанда қатар – аралықтары 60 – 70 см, ал қатардағы өсімдіктер аралығы 30 35 см болады.
Қазіргі кезде картоптың 93 іріктемесі, оның ішінде 87 түрі аудандастырылады. Пісіп жетілу мерзіміне орай іріктемелер ерте пісетін 50 – 60күн , орташа пісетін 80 – 100 күн және кеш пісетін 120 және одан да көп іріктемелерге бөлінеді. Қазақстан Республикасында мынадай іріктемелер кең таралған. Ерте пісетін “Приекульский” - өте тез пісіп жетілетін өнімді іріктеме. Түйнектері дөңгелек, ақшыл, аздап “көзшелері” бар. Бұл Қызылордадан, басқа облыстардың бәрінде өсіріледі. “Седов” - өте тез пісетін, өнімі ірі, ақ түсті, пішіні домалақ іріктеме. Ерте пісетін картоп іріктемелерінің құрамында адам ағзасына аса қажетті дәрумендер болады.

IV. Жаңа тақырыпты түсінгендігін тексеру:
1. Алқа тұқымдастарына қандай өсімдіктер жатады.
2. Алқа тұқымдатардың қандай айырым белгілері бар?
3. Алқа тұқымдастардан қандай өсімдіктер улы болып келеді?
4. Алқа тұқымдастар Қазақстанның қай жерлерінде өсіріледі?
5. Картоптың халық шаруашылығындағы қандай маңызы бар?
V. Алған білімдерін тексеру.
Биологиялық диктант.
1. Қызан мен картоп.................. тұқымдасына жатады.
2. Алқа тұқымдасы........................................... класына жатады.
3. Қызанақтың жемісі..................
4. Картоптың жапырақтары.......................... орналасқан.
5..................................... түйнегінде крахмал көп.
Өсімдіктерді таны ойыны.
Кеппе шөппен жұмыс.
Лалагүл мен алқа тұқымдастарын салыстырып, айырмашылықтарын табу.
Кестені толтыру
Тағамдық Сәндік Дәрілік
VI. Үй тапсырмасы. Кітапханадан қарау.
VII. Баға қою.
VIII. Қорытынды.