Абыздар Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру

Скачать

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Египет тақырыбы негізінде алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, жинақтау;
Дамытушылық: Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып тапқырлық, ізденімпаздылық қасиеттерге жетелеу;
Тәрбиелік: Балаларды белсенділікке, жылдамдыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ жауап.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
А) Оқушылармен сәлемдесу;
Ә) Оқушыларды түгендеу;
Б) оқу құралдарын даярлау;
В) Түзу отыруларын ескерту;
Г) сабаққа назарларын аудару.

ІІ .Сабақ барысы:
Кіріспе сөз:
Балалар, бүгін бізде әдеттегіден ерекше сабақ, бүгін бізге қонақтар келді. Қане, балалар қонақтарға тағы да бір сәлемдесіп қояйық.Оқушылар орнынан тұрып:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
Балалар, бүгін біз Ежелгі Египет тарауы бойынша ашық сабақ өтеміз.
Сыныпты 2 топқа бөлу:
1 топ. Перғауындар
2 топ. Абыздар
Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру.
І. Блиц - турнир ( сұрақтар)
ІІ. Сөзжұмбақ шешу
ІІІ. Домино ойыны (Қиылған сөздерден сөйлем құрай, сипаттама беру)
ІV. Кім зерек? (ежелгі сандық таңбаларды, иероглифтерді жазу)
V. Египет (сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау)

І. Тапсырма Блиц - турнир
1 топ. Перғауындар
1.Египетті ежелгі заманда қалай атаған?
2.Египеттіктер үшін Ніл тасқынының қандай маңызы болды?
3.Египетті ең алғашқы біріктіруші патша кім?
4.Атырау мен аңғардың түйіскен жеріне салынған бекініс қалай аталған?
2-топ. Абыздар
1. Біртұтас Египеттің патшалары қалай аталады?
2. Ең алғашқы діни сенімдер кімге сиынудан басталған?
3. Египет кедейлерінің ауыр тұрмысын бейнелейтін ән?
4. Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде тұңғыш рет не жасаған?


Скачать


zharar.kz