Сұйық бейметалл

Скачать

Сабақтың тақырыбы: IV А топша элементтеріне сипаттама.
Білімдік мақсаты: Көміртек топшасына жататын элементтерге сипаттама беру және көміртек пен кремний қосылыстарының қасиеттерімен таныстыра отырып жаңа білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Көміртек топшасына жататын элементтердің қосылыстары,аллотропия туралы білімдері мен біліктерін,ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға,ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың әдісі:сөздік,көрнекілік әдіс.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,бейнефильм,слайд.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушыларды түгелдеу.
• Сабақ ІІ топ болып жарыс түрінде өтеді.
Көміртек және Кремний
Бағалау қарсы топтар бір-бірін бағалайды.Әр топта есепші сайланып,жауап берген оқушыларға балл беріп отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Бейметаллдарға сипаттама
2-топ өздері дайындаған сұрақтарын бір-біріне қояды.
Менен сұрақ – сіздерден жылдам жауап
• Сутек пероксидінің формуласы қандай?
•Органогендік элементтерге қай элементтер жатады?
• Сіріңке өндірісінде қолданылатын элемент?
• Ауаның құрамында азот неше пайыз?
• 109 элементтің нешеуі бейметалл?
• Сұйық бейметалл?
• Галогендер нешінші топта орналасқан?
• Инертті газдарды ата?
• Күшті тотықтырғыш галоген?
• Қалқанша бездің құрамына кіретін элемент?
•Тері ауруына қарсы дәрі жасалатын бейметалл?
• Ең жеңіл элементтің оксидінен тұратын табиғи физикалық дене?
• Бейметалдардың сыртқы электрон саны қанша?
• Бейметалдар s,p,d,f элементке жата ма?
• Байланыстың қай түрі болады.
• Кристалдық торлары қандай?
• Топ бойынша,период бойынша қасиеттері қалай өзгереді?
• Топтарда,периодтарда электр терістілік,тотықтырғыш қасиеттер қалай өзгереді?


Скачать


zharar.kz