Формулалар редакторы

Скачать

Тақырыбы: Формулалар редакторы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Microsoft Word құжаттарымен жұмыс жасау, оларды көшіру, сақтау, ашу және жабу, сызғышты пайдалану дағдыларын бекіту, формулалар редакторының атқаратын қызметтерін үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың Microsoft Word мәтіндік редакторын қолдану қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, мәтінді сауатты тере білуді үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Техникалық жабдықтау: Мультимедиялық құрылғылар.
Көрнекілігі: Оқулық, тест тапсырмалары (электронды оқулық), үлестірмелі парақтар.
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, математика.

ЖОСПАР:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Өтілген оқу материалдарына шолу жасау;
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту;
IV. Жаңа оқу материалдарын оқушыларға игерту;
V. Жаңа оқу материалын пысықтау;
VI. Практикалық жұмыстарды компьютерде оқушыларға орындату және олардың білімін бағалау;
VII. Үй тапсырмасын белгілеу және оған түсінік беру;
VIII. Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өтілген оқу материалдарына шолу жасау: Тексті кесте түрінде рәсімдеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
1. Жолдар дегеніміз не?
2. Бағаналар дегеніміз не?
3. Ұяшықтар дегеніміз не?
4. Word - тың құжатта кесте жаса.

IV. Жаңа оқу материалдарын оқушыларға игерту:
Формулалар редакторын пайдалану үшін алдымен оны құрал - саймандар үстелі тақтасына шығаруымыз керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Настройка диалог терезесінен Команды тізбегін таңдаймыз одан кейін Вставка қатарын таңдаймыз. Формулалар редакторы математика - лық өрнектерді жазуға арналған. Формулалар редакторын басқанда экран бетіне диалог терезесі ашылады.

Формулалар редакторын пайдаланған кезде латын әріпі арқылы символдарды таңдап жазасыз.

V. Жаңа оқу материалын пысықтау:
1. Word редакторын қалай іске қосамыз?
2. Формулалар редакторын құрал – саймандар тақтасына қоямыз
3. Формулалар редакторын не үшін қолданамыз?

VI. Практикалық жұмыстарды компьютерде оқушыларға орындату және олардың білімін бағалау:
1. Тапсырма Мына формулаларды жаз
Математика

Физика. Ненің формуласы ата.
Химия.

№2 тапсырма.
Олимпиадалық есепте кездесетін Зеллер формуласын жаз.

h – апта күні
q – айдың күні
m – айдың реттік номері
k – жылдар
j – ғасырлар

VII. Үй тапсырмасын белгілеу және оған түсінік беру:
Тапсырма:
мына жазылған математикалық өрнекті компьютерде формулалар редакторы көмегімен жазыңыз.
5 у+4а*в; ½*ау; (а+в) (а+в - с).
Формулалар редакторы.
VIII. Сабақты қорытындылау.


Скачать


zharar.kz