Сабақтың тақырыбы: §27. Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екендігін ұғындыру, білімді болуға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Бүгінгі қазақ мектебі мен ежелгі грек мектебін салыстыру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шапшаң, ұқыпты болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тірек - сызбамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс: География, математика, биология
Термин сөздер: гимнасия, стиль, палестра.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау (тренинг)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) Тест жұмысы
2) Қазақстандық олимпиада жеңімпаздары
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Грек мектептері.
2. Ғылыми білімдер.
3. Грек тарихшылары мен философтары.
4. Грек мәдениетінің маңызы.
Грек мектептері 3 басқыштан тұрған.
Бірінші басқыш мектеп жасына дейінгі тәрбие (3 - 7 жасар). Бұл кезеңде балаларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеген.
Екінші басқыш 7 - 12 жасар балаларға жазу жазуды, оқуды, сызу сызуды, сурет салуды үйреткен.
Үшінші басқыш гимнасия деп аталған. Әр түрлі ғылым салалары бойынша білім алып, шешендік өнерге баулыған. Қыз балаларға арналған мектептер болмаған.
Грек ғалымдары табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, әдебиетпен, математикамен, философиямен, тіршіліктанумен, тарихпен танысып, медицина ғылымын зерттеумен айналысқан.
Грек мәдениеті бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына үлес қосқан. Грек мәдениеті өзінің ауқым шеңбері мен мазмұны жағынан әр алуан болған.
1. тапсырма: Берілген сөздерді грек мектептерінің қай басқышыны тиесілі екенін тап.
Жазу жазу, еш нәрсені рұқсатсыз алмау, шешендік өнер, қарттарды үнемі сыйлау, сурет салу, қатты күлмеу, санау, әдепті болу, ғылым салалары.
2 тапсырма: Тарихи басқатырғыш. Берілген әріптерді пайдалана отырып сөздер құра.
1. ФЯИОСЛФОИ
2. АКМТАЕМИАТ
3. ТХРИА
4. БӘЕДТИЕ
5. ЦМАДЕИНИ
3 тапсырма: Сәйкестендіру тесті. Ғұламалар мен білім саласын сәйкестендір.
1. Геродот 1. Медицина
2. Гомер 2. Тарих
3. Аристотель 3. Әдебиет
4. Гиппократ 4. Математика
5. Пифагор 5. Философия
4. тапсырма: Тарихи сынақ хат. Берілген мәтіндегі қалып кеткен сөздерді толықтыр.
Ежелгі грек мектебі ____ басқыштан тұрды. Бірінші басқышта
_____ _________,_________ _________ үйренді. Әріптерді салуда _________ пайдаланды. Ұл балалар қосымша __________ мектептеріне қатысты. Гомер "_____________" және " ______________ " поэмаларын жазды. Геродотты "________ __________" деп атайды. Гиппократ _____ жуық _________ еңбектер жазды. Грек философы ____________ 300 - ге жуық шығарма жазған.
Грекия _______, _________ _______ отаны.
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге: §27. Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Менің мектебімнің грек мектебінен ерекшелігі. Эссе жазу.