Сабақтың тақырыбы: Отырар сазы фольклорлы - этнографиялық оркестрі
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту. Музыка тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Музыкаға қызығушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын меңгерту. Жан - жақты білімді, өткір ойлы бала тәрбиелеу. Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушыларға халқымыздың ұлттық аспаптары жайлы түсінік беру. Ұлт аспаптар оркестрінің құрылуы.
Міндеті: Шығарманың көркемдік белгілерін талдап, түсінік беру. Әнге деген сүйіспеншілікпен, білімге құштарлық сезімін ояту. Халық қазынасының үкілі бөлшегі болып саналатын ұлттық музыкамен таныстыру. Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету. Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсіну. Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың музыкалық даусын қалыптастыра отырып, халқымыздың ұлттық музыка аспабының құрылысын меңгере білу, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу. Өнерге қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Слайдтар, музыка аспаптары,, интерактивті тақта, үнтаспа, аспаптар суреті.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық Айгөлек әнін айту
3. Үй тапсырмасын сұрау. Көңілді ноталар , ән Домбырасыз сән қайда
4. Жаңа тақырып. Ата толғауы күйін тыңдау. тақырыпты ашу.
5. Түсінгендерін тексеру. Карточкамен жұмыс. Қай аспаптың үні?
6. Алған білімдерін қолдану. Айы болып тудың ба әнін сүйемелдеп айту
7. Сергіту сәті Алдар көсе
8. Білімдерін талдау. Постермен жұмыс. Қазақ ұлт аспаптарының жаңа өмірі
9. Білімдерін жинақтау. Аспаптардың қасиеттері.
1 - қасиеті: Барлық аспаптың дыбыс бояуы бірдей емес.
2 - қасиеті: Аспаптардың түр - тұлғасы әр түрлі.
3 - қасиеті: Ойналу тәсілдері алуан түрлі.
10. Аспаптардың қай топқа жататынын ата
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
"Т. Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп"КММ
музыка пәні мұғалімі Хасенова Карлыгаш Орынбеккызы