Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Нұржау қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Абдуллаева Марта Жұмажанқызының
Математика 2 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды 2 - ге көбейту мен бөлу
Сілтеме: Жоспар. Математика 2 - сынып
Жалпы мақсаттар: Оқушылардың сабаққа пәнге деген қызығушылығын және белсенділік қабілеттерін арттыру.
Оқыту нәтижесі: - Есептер шығару арқылы көбейту мен бөлудің өзара кері амал екенін ажырата біледі.
- Оқушылардың өздігінен оқу, іздену дағдылары қалыптасты.
- Дәлелдемелер, ашық пікір айтып, ортақ шешімдер жасайды.
Негізгі идеялар: Оқушылардың топтасып, жұптасып жұмыс жасау дағдыларын дамыту, диалогтық қарым – қатынас орнату, өздігінен іздену, дайындалу қабілеттерін шыңдау.
Тапсырмалар: Ой қозғау, талдау, салыстыру, дәлелдеу, сыни тұрғыда ойлау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.
Кейінгі тапсырмалар: Есептеу, ойлау.
Жүргізетін жұмысым
Мұғалімнің іс – әрекеті:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
Смайликтер арқылы көңілді көтеру.
Психологиялық дайындық:
Математика – қызық пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
Білім. Ой шақыру.
Адасқан әріптер арқылы өткенді пысықтау.
Не білдік?
• Көбейтудің компаненттерін;
• Бөлудің компоненттерін;
• Көбейту мен бөлу - өзара кері амалдар.
•
ІІ. Операциялық орындаушылық кезең.
Түсіну. мұнда ұжымдасып сабақты талдайды
Балықты босату ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту
Қолдану. Ойланайық, пікірлесейік! әр топ практикалық жұмыстарын талдайды, қорғайды
6*2=12
12: 2=6
12: 6=2
16: 2=8
8*2=16
2*6=12
8*2=16
16: 2=8
Жұптық жұмыс:
Әр жұпқа жеке салыстыру есептері беріледі.
3*2+5
4*2+3
5*2 - 4
2*2+4
(4+2)*2
(20 - 4): 2
(5*2)+3
(10: 5)+7
6*4 - 2
4+4: 2
12: 2+7
14: 2+6
Крестиктер - нөлдіктер
топ қарсы есептер орындайды, ой жинақтайды
Сергіту сәті.
Талдау. Оқулықпен жұмыс.
(қабілетті оқушылар тақтаға №5 есепті шығарады)
Х*2=4
х: 2=2
4: х=2
2*х=4
Кел, ойнайық!
нашар оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Жинақтау. Мен саған, сен маған
қорытынды жасау, тұжырымдау, топтастыру
Шығармашылық тапсырма
(сынып оқушылары дайындап келген тапсырмаларын бір - біріне жасырады)
Тест.
Ортадағы қаламсап ойыны арқылы сабақты қорыту
ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең.
Оқушының көңіл – күйлерін сұрау
Үйге тапсырма. логикалық есеп
Бағалау.