Дөңгелектер сыйы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 9 саны туралы, құрамы туралы білімі, сәй - кес теңдіктерді жазуды оқу, оларды пайдалануды қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін, пәнге қызығушы - лығын жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көр - гендік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұжымдық бірлесе отырып жұмыс жасай білуге адамгершілікке тәрбиелеу. Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары, суреттер, кестелер, геометриялық фигуралар.
Сабақтың түрі: интеграциялық саясат сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік сұрақ - жауап.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты үш топқа бөлу, ат қою
- Балалар 1 жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Күздің қандай айы?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қандай сабақ?
- Өткен сабақта қандай сабақ өттік?
- 1 - 9 - ға дейінгі сандар мен цифрлар және олардың құрамы.
- Бүгінгі сабағымызда 9 санының құрамымен танысамыз. 9 санына байланыс - ты амалдар орындаймыз.
- Бүгін біз Геометрия еліне саяхатқа шығамыз. Геометрия елінің тұрғында - ры бізге тапсырмалар әзірлепті.
Ерте, ерте, ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүктелер өмір сүріпті. Енді сол нүктелер ауылына соғамыз. Нүктелердің бізге әзірлеген сыйы:
1 - тапсырма: Өткенді қайталау.
а) Санды тура және кері санау
ә) Теңдік, теңсіздік, өрнектер туралы не білеміз?
б) Кім жылдам? ойынын ойнату.

Топтар бойынша жарыс.
Алғырлар Тапқырлар Ойшылдар
7+2=9 6+2=8 4+2=6
2+7=9 2+6=8 2+4=6
9 - 7=2 8 - 2=6 6 - 2=4
9 - 2=7 8 - 6=2 6 - 4=2
Сергіту сәті.
2 - тапсырма: Түзулер мен сәулелер сыйы.
Ұғып ал! Оқулықпен жұмыс
1 - мысал: 9 санының құрамы.
9 9 9 9
8 1 7 2 6 3 4 5
Заттарды қосып, азайта отырып 9 санының құрамымен таныстыру.
3 - тапсырма: Кесінділер сыйы.
2 - мысал.
Жолақшалардағы дөңгелектердің түсіне қарай мынадай қосындылар мен айырмалар түрінде жазуға болады.
8+1=9 9 - 1=8
7+2=9 9 - 2=7
6+3=9 9 - 3=6
5+4=9 9 - 4=5
Қосу және азайту амалының компоненттерін қайталау.
3 - мысал. Кесінділерді өлшеу, ұзындықтарын салыстыру.
9 см 9 см 8 см
8 см 8 см 9 см
4 - тапсырма. Төртбұрыштар сыйы.
Салыстыр
0 7 см 6 6 см
5 - тапсырма: Үшбұрыштар сыйы.
Математикалық жұмбақ.
Үшеуі аз деп балапан,
Қосты тағы үш балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан?
6 - тапсырма: Дөңгелектер сыйы.
Салыстыр:
І - топ ІІ - топ ІІІ - топ
8 5 3 3 9 9
3 + 5 3 + 2 6 + 3 = 2 + 1 2 + 7 = 7 + 2
5 9 9 7 9 8
4 + 1 5 + 2 2 + 4 5 +3
Сонымен Геометрия елінде нелер өмір сүреді?
- Нүктелер, түзулер, кестелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, дөңгелектер.
Түзулер мен Кесінділер.
сәулелер.
Нүктелер.
Төртбұрыштар.
Дөңгелектер Үшбұрыштар.
Сабақты қорыту:
а) Қағып ал! ойыны арқылы 9 санының құрамын бекіту.
3+6=9 9 - 3=6 9 - 2=7
4+5=9 9 - 6=3 9 - 7=2
2+7=9 9 - 4=5 9 - 8=1
8+1=9 9 - 5=4 9 - 1=8
б) Мадақтау.


Скачать


zharar.kz