Бағдарлама құру технологиясы

Скачать

1. 1 Компьютерде ақпараттық технологияны топтау бағдарламасын қамтамасыз ету
Компьютерде ақпараттық технологияны қамтамасыз ету үшін бағдарламалық өнімнің 3 тобын қарастырамыз (Сурет 1. 1):
Сурет 1. 1 Бағдарламалық өнім топтары.

Бағдарламалық өнімді әртүрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Негізгі белгісі пайдалану аймағы болып табылатын бағдарламалық өнімдер [5]:
- ЭЕМ желілері мен автономды компьютерлердің аппараттық бөлігі;
- Әртүрлі пәндік аймақтың функционалдық есептері;
- Бағдарлама құру технологиясы.
Жүйелік бағдарламамен қамтамасыз ету келесі бағыттарда қолданылады:
- басқа бағдарламалар жұмысын бақылайтын операциялық орта құру;
- есептеуіш желінің және компьютердің сенімді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- есептеуіш желіні және компьютер аппаратурасын диагностикадан өткізу;
- қосымша технологиялық процестерді орындау (көшірмелеу, архивациялау, бағдарлама және берілгендер қоры файлдарын қайта қалпына келтіру және т. б.)
Жүйелік бағдарламамен қамтамасыз ету (System Software) - ЭЕМ желісінің және компьютер жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалар мен бағдарламалар кешенінің жиынтығы.
Қолданбалы бағдарламалар дестесі (application program package) - нақты пәндік аймақтардың анықталған класс есептерін шешу үшін арналған, өзара байланысқан бағдарламалар кешені. Бұл классқа әртүрлі пәндік аймақтардың ақпараттарын өңдейтін бағдарламалық өнімдер жатады.
Бағдарламалау технологиясының құрал - жабдықтары - құрылатын бағдарлама лық өнімді енгізу мен дұрыстау, құру технологиясын қамтамасыз ететін бағдарламалар мен бағдарламалар кешенінің жиынтығы. Бұл класстың бағдарламалық өнімдері жобалау процессінің барлық технологиялық кезеңдерін, бағдарламалауды (кодтауды), құрылған бағдарламаны тестілеу және дұрыстауды қолдайды.
Жүйелік бағдарламамен қамтамасыз ету 2 класқа бөлінеді: базалық бағдарламалық қамтамасыз ету және сервистік бағдарламалық қамтамасыз ету [1, 7].
Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету (base software) – компьютер жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың минималды жиынтығы.
Сервистік бағдарламалық қамтамасыз ету – пайдаланушының жұмыс ортасын ыңғайлы ететін және базалық бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейтетін бағдарламалар мен бағдарламалар кешені (Сурет 1. 2).

Сурет 1. 2 Компьютерді жүйелік бағдарламамен қамтамасыз ету классификациясы.

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына:
- операциялық жүйе;
- операциялық жүйе қабықшасы (текстілік және графикалық);
- желілік операциялық жүйе.
Операциялық жүйе – ЭЕМ - нің есептеуіш ресурстарын басқару мен жоспарлау, пайдаланушылық бағдарламаны орындауды басқару үшін арналған [2, 3].
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйелер келесі түрге бөлінеді:
- бір есептік және көп есептік (бір мезгілде орындалатын қолданбалы процесстер санына байланысты)
- басқа типті компьютерге тасымалданатын және тасымалданбайтын;
- ЭЕМ - нің жергілікті есептеуіш желісінің жұмысын қамтамасыз ететін, желілік және желілік емес;
Желілік операциялық жүйелер – желіде берілгендерді өңдеу, сақтау және тасымалдауды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені. Желілік операциялық жүйелер клиент - сервер архитектурасын немесе біррангілік архитектураны пайдаланады. Кең таралған желілік операциялық жүйелерге: LAN Server, NetWare, Windows NT, Windows 95.
Операциялық жүйе қабықшалары – пайдаланушы мен командалық операциялық жүйелер арасындағы байланысты оңайлату үшін пайдаланылатын арнайы бағдарламалар. Операциялық жүйенің текстілік қабықшаларының кең тараған түрлеріне [5]:
- Windows қосымшасының Сілтеуіш бағдарламасы;
- Windows Commander;
- Norton Commander 5. 0 – Symantec фирмасы
- Norton Navigator
- т. б. бағдарламалық қабықшалары жатады.

Пәндік облысты талдау
Файлдармен жұмыс істеу үшін операциялық жүйенің командаларын пернетақтадан енгізіп отыру керек. Ол өнбейтін жұмыс өте көп уақытты алады және пайдаланушының белгілі дағдысы мен білімі болуы керек екендігін талап етеді. Сондықтан қазіргі кезде операциялық жүйенің командаларымен жұмыс істеу үшін қабықша бағдарламалары кеңінен қолданылады. Менің құрылатын бағдарламамда осы қабықша қызметін атқаратын файлдық менеджер бағдарламасын құру болып табылады.
Оның көмегімен файлдармен, бумалармен және файлдар жиынтығымен жасалатын барлық амалдарды - іздеу, көшіру, атын өзгерту, жою сондай - ақ функциональды немесе енгізу, курсорды басқару пернелерін, әйтпесе тышқанды қолдана отырып дайын тұрған бағдарламаларды орындауға болады. Сәйкесінше Экран бетіне дискідегі “бұтақ” каталогтарының бейнесін, ағымдағы каталогын ауыстыра отырып шығаруға болады, сонымен қатар файл мәтіндерін көріп оны жөндей аламыз (Сурет 1. 4).

Сурет 1. 3 Файлдық менеджер құрылымы.

Сондай – ақ Wіndows интегралданған бағдарламалық ортасын қолданғанда да оның мынадай мүмкіндіктеріне тоқталып кетуге болады. Ыңғайлы графикалық интерфейс шарттары, мұнда нысаналар мен командалар шарты графикалық символдармен (пиктограммалар) бейнеленеді және файлдық жүйені басқаруды жасайды. Wіndows - тің төтенше маңызды қасиеттеріне интеграцияланған мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер мен деректер басқару жүйесі (ДҚБЖ) арасындағы файл (деректер) алмасу мүмкіндігі болып табылады.
Файлдық менеджер жүйесінде жасалатын әрекеттер:
- файлдық жүйе бойынша іздеу;
- қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу;
- бумалар мен файлдарды құру, көшіру;
- бумалар мен файлдардың орнын ауыстыру;
- бумалар мен файлдарды өшіру;
- бумалар мен файлдардың атын өзгерту;
- жарлықтар құру.
1. 6 Есептің жалпы қойылымы

Оқу процесінде құжаттармен жұмыс жасауға ыңғайлы және де түрлі амалдарды орындай алатын инструментальды құралдар көмегімен файлдық файлдық жүйелер объектісін құру. Ол бағдарламалық қосымша келесі мүмкіндіктерге ие болуы қажет:
- Файл немесе файлдар топтамасын көшіру;
- Файлды немесе файлдар топтамасының орнын ауыстыру;
- Файлды немесе файлдар топтамасын өшіру;
- Файлдардың атын өзгерту;
- Файл сипаттамасын (атрибутын) орнату;
- Файлды іздеу;
- Компьютердің аппараттық конфигурациясы жөнінде шығару;
- Файлдардың жарлықтарын құру;
- Өзіндік кеңейтілімді тіркеу;
- Пайдаланушы құрал - саймандарын орнату;
- Стандартты қосымшаны жіберу және т. б.


Скачать


zharar.kz